Ирак соты Трампты қамауға алу туралы шешім шығарды

  • 08 янв, 08:47
  • Көрілім: 1 381

Ирак соты АҚШ президенті Дональд Трампты америкалық әскери-әуе күштерінің шабуылы салдарынан Ирактың "Аль-Хашд аш-Шааби" атты шейіттер жасағы басшысының орынбасары Әбу Махди әл-Мухандистің қазасына қатысты іс бойынша қамауға алу туралы шешім шығарды. 

Ирактың Қылмыстық кодексінің 406-бабына сәйкес алдын ала тергеу нәтижелері негізінде Трампты қамауға алу туралы ордер берді. Бұл "қасақана кісі өлтіру" бабы үшін ең ауыр жаза – өлім жазасы қарастырылған

Бағдад әуежайы маңында АҚШ-тың әуе шабуылының салдарынан әл-Мухандис пен Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Әл-Кудс" күштерінің қолбасшысы генерал Касем Сулеймани өлтірілген.

Иран АҚШ-тың бұл шабуылына жауап ретінде 8 қаңтарға қараған түні Ирактағы АҚШ әскери күштерінің қолданысындағы екі нысанға - Айн-эль-Асад базасы мен Эрбиль әуежайына зымыранмен соққы жасады. 

Сондай-ақ оқыңыз

Бес зымыран: АҚШ-тың Ирактағы базасына соққы жасалды

Дау шиеленісі: АҚШ-тың Ирактағы базасына соққы жасалды

Америкалық ұшақтардың бағыты өзгерді: Иран әлеуетті қарсылық танытқандай ма?

Иран АҚШ базасына екінші рет соққы жасады

Пікір қалдыру