Туды өртегендерді түрме күтіп тұр

  • 21 июн, 11:02
  • Көрілім: 305

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық жалауды өртеген азаматтарды бір жыл түрмеге жабу туралы заң қабылдауға шақырды. 
Қазіргі америкалық заң туды өртеуге шектеу қоймайды. Өйткені, бұл әрекет сөз бостандығы заңымен қорғалған. 
«Екі күн бұрын Орегон штатындағы Портленд қаласында Джордж Вашингтонның ескеркіші құлатылып, америкалық ту өртелді», - деп жазды Трамп. 
Трамптың айтуынша, туды өртеген азаматтарды бір жыл түрмеде жазалау туралы заң қабылдау керек.
Еске сала кетейік, афроамерикалық Джордж Флойдтың полиция қолынан қаза табуынан кейін АҚШ-тың барлық штаттарында баскөтерулер орын алды. 
Сондай-ақ оқыңыз

АҚШ астанасына әскер кіргізілді

Рекорд: Дональд Трамп халыққа көмек ретінде ақша бөлді

«Қытай вирусы»: Қытайға қарыз қайтармауға мүмкіндік бар сияқты

Пікір қалдыру