• USD/ KZT - 379.36
  • EUR/ KZT - 424.47
  • RUB/ KZT - 5.88
  • CNY/ KZT - 54.95
Сыр елінің Астанаға сыйлығы -  ғарыш музейі
02.07.2018, 17:47

Сыр елінің Астанаға сыйлығы - ғарыш музейі

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ашық аспан астындағы ғарыш музейіне барды Бұл жаңа музей - Қызылорда облысының Астананың 20 жылдығына жасаған сыйлығы. 
Есілдің сол жағалауындағы Ғарыш Ұлттық орталығының аумағында орналасқан кешен 1,4 гектарды алып жатыр. Онда Байқоңырдан ұшырылатын "Союз", "Протон", "Зенит" зымыран тасығыштарының дәлме-дәл көшірмесі қойылған.
Ғарышты зерттеудің маңыздылығына тоқталған мемлекет басшысы былай деді: "Менің тапсырмам бойынша, француздармен бірігіп жасанды жер серіктерін құрастыру зауыты іске қосылды. Жуық арада біздің өз спутниктеріміз болады. 2022 жылға қарай "Зенит" зымыраны дайын болып, оны өзіміз ұшырамыз. Осылайша біздегі ғарыш өнеркәсібі жаңа деңгейге көтеріледі, ал Қазақстан толыққанды ғарыш державасына айналады".
Кешен аумағына зымырандардың техникалық сипаттамасы, пайдалану тарихы туралы мәліметтер жазылған ақпараттық стендтер қойылған. Мемлекет басшысына ғарыш музейін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өзі таныстырды.
 
 
 
 
2548
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

Сыр елінің Астанаға сыйлығы -  ғарыш музейі
Томские ученые обнаружили бактерию, которая смогла бы жить на Марсе

НОВОСИБИРСК, 3 апр – РИА Новости. Ученые Томского госуниверситета (ТГУ) первыми в мире обнаружили в подземных водах термального источника в Верхнекетском районе региона бактерию, которая способна получать энергию без света и кислорода, а значит теоретически смогла бы жить на Марсе, сообщает в среду пресс-служба вуза.



Сыр елінің Астанаға сыйлығы -  ғарыш музейі
Жаһандану – апат емес немесе эволюция туралы эссе

...Бір байқағаным, антижаһандану риторикасы көбінесе постсответтік кеңістік елдерінің өкілдеріне ғана тән болып шықты: дамыған, батыс және шығыс елдерінің өкілдері ондай асыра сілтеуші кертартпалықа бара қоймады. Керісінше, жаңаша талаптар тұсында әдебиет те жаңалану керек дегендей орынды ой айтып жатты. Бір байқасам, олардың сөздері ғана емес, көздері де, өздері де, керек десеңіз, киімі мен жүріс-тұрыстары да бөлек, баршаны бір стандартқа салып тастаған құрсаудан ада екен!



MERGENSOZ

Сыр елінің Астанаға сыйлығы -  ғарыш музейі
Ermek TURSYNOV

Ел аралап жүргенде тағы неге көзім жетті? Біз қожайын болудан қалыппыз, біз – қызметшіміз. 

Ермек ТҰРСЫНОВ

 

Подробнее

BairaqTV