• USD/ KZT - 378.17
  • EUR/ KZT - 429.11
  • RUB/ KZT - 5.88
  • CNY/ KZT - 56.48
Көшербаев республикалық малшылар слетін өткізуді ұсынды
14.05.2018, 21:00

Көшербаев республикалық малшылар слетін өткізуді ұсынды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 11-12 мамыр күндері облыстық ІV малшылар слеті өтті. Облыс әкімдігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі осылай деп хабарлады.
Соңғы төрт жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан слеттің алғашқы күні, 11 мамырда делегаттар Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылдық округіндегі Керімхан Егізбаевтың «Orda Агротехнология» ЖШС жұмысымен танысты. Сондай-ақ, осы ауданның Қыркеңсе ауылындағы Серік Мырзабаевтың «Бекарыс Агрофуд» ЖШС тыныс-тіршілігіне зер салды. Сондай-ақ, түс ауа аудандық мәдениет үйінде өтетін «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары» атты семинарға қатысты.
Малшылар слетінің екінші күні, 12 мамырда Жаңақорған ауданы тұсындағы Қаратау баурайында орын тепкен Үсен бауында асыл тұқымды мал шаруашылығы бағытындағы көрме мен слеттің негізігі ресми шарасы өтті. Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мал шаруашылығы қазақ халқының ата кәсібі екенін және осы күнге дейін республикамызда жетекші сала саналатынын атап өтті. Жыл сайын облыстық малшылар слетіне басқа өңірлерден қатысушылардың саны артып келе жатқанын ескере отырып, облыс әкімі 2019 жылы облыста бірінші республикалық малшылар слетін өткізуді ұсынды.
«Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, үкімет тарапынан мал шаруашылығын дамыту үшін қыруар қосымша шаралар қарастырылуда. Осы орайда жыл сайын облыстық малшылар слетіне басқа өңірлерден қатысушылардың саны артып келе жатқанын ескере отырып, үкіметке, ауыл шаруашылығы министрлігіне келер жылы біздің облыста «Бірінші республикалық малшылар слетін» өткізуді ұсынамын. Ұсынысты Ауыл шаруашылығы министрлігі, қатысып отырған өңірлердің және республикалық палата өкілдері қолдайды деп ойлаймын», - деді аймақ басшысы.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің басшылары, республикамыздың белгілі ғалымдары, төрт түлік малдың республикалық палаталары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.

 

2410
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

Көшербаев республикалық малшылар слетін өткізуді ұсынды
Жеңілген Қонақбаев "бокстың болашағы үшін күресе бермек"

"Боксқа адалмын, сондықтан бокстың олимпиададағы болашағы үшін, жас боксшылар үшін күресті жалғастыра беремін. Бұл соңы емес, бұл - боксты құтқарудың басы. Күрестен қашпаймыз. Бұл - бірінші раунд. Екінші раунд басталуға жақын" деді Қонақбаев Inside the Games сайтына берген сұхбатында.



Көшербаев республикалық малшылар слетін өткізуді ұсынды
Чем закончатся выборы в США и что изменится для Трампа и России - три сценария

Промежуточные выборы в США обещают побить рекорды по явке и преподнести сюрпризы. Их итог станет определяющим для оставшихся двух лет президентства Дональда Трампа и отразится на возможном исходе "российского расследования", а также на карьере спецпрокурора Роберта Мюллера.



MERGENSOZ

Көшербаев республикалық малшылар слетін өткізуді ұсынды
MUQTAR MAGAUIN

«Ол – Совет (Кеңес емес!) өкіметінің заманы. Енді – Тәуелсіздік аталатын жаңа дәуір. Бірақ бүгінгі Қазақстан өкіметінің (қазір «билік» дейтін болыпты) осындағы байырғы жұрт – қазақ халқына қатысты жүргізіп отырған барлық шаруасы, нақты саясаты мен көпе-көрнеу ішкі пиғылы бұдан екі ғасыр бұрынғы Америка құрлығындағы отаршылардың жергілікті үндіс халқына қатысты төтенше шараларын еске түсіреді. Әлбетте, тікелей, жаппай қырып-жою жоқ, оған мүмкіндік те табылмас еді, әйткенмен, тереңнен, нақты ойластырған және ішінара жүзеге асып та жатқан жүйелі қарекеті ешқандай күмәнсіз, ақиқат байламдар жасауға негіз береді – қазіргі Қазақстан өкіметі осы ел мен жерді мың жылдар бойы мекендеп…

Подробнее

BairaqTV