• USD/ KZT - 378.17
  • EUR/ KZT - 429.11
  • RUB/ KZT - 5.88
  • CNY/ KZT - 56.48
Алматы облысы: Ұлыстың ұлы күнінде 80 отбасы баспаналы болды
22.03.2018, 00:23

Алматы облысы: Ұлыстың ұлы күнінде 80 отбасы баспаналы болды

ҚазАқпарат - Алматы облысында жалғыз моноқала тізіміне енген Текелі қаласында 80 отбасы баспаналы болды. Ұлыстың ұлы мейрамы - Наурыз мерекесі қарсаңында текеліліктер осылайша қос қуанышқа кенелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шаһар басшысы Бақтияр Өнербаев қоныс той иелеріне пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етіп, әр отбасыға береке-бірлік тіледі. 80 пәтерлі арендалық үй "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бой көтерген. Тұрғын үйдің құрылысына "Ұлттық қордан" 409 млн теңге, жергілікті бюждеттен 45 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Жаңа баспана мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған отбасыларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, толық емес отбасыларға, көпбалалы жанұяларға берілді. Қоныс той иелерінің қатарында пәтер кезегінде 10 жылдан астам уақыт тұрған зейнеткер Фатима Ізбасарова да бар. Қария 85 жасында баспаналы болды. Текеліде 2018-2021 жылдар аралығында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тағы 40 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда.
2948
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

Алматы облысы: Ұлыстың ұлы күнінде 80 отбасы баспаналы болды
Жеңілген Қонақбаев "бокстың болашағы үшін күресе бермек"

"Боксқа адалмын, сондықтан бокстың олимпиададағы болашағы үшін, жас боксшылар үшін күресті жалғастыра беремін. Бұл соңы емес, бұл - боксты құтқарудың басы. Күрестен қашпаймыз. Бұл - бірінші раунд. Екінші раунд басталуға жақын" деді Қонақбаев Inside the Games сайтына берген сұхбатында.



Алматы облысы: Ұлыстың ұлы күнінде 80 отбасы баспаналы болды
Чем закончатся выборы в США и что изменится для Трампа и России - три сценария

Промежуточные выборы в США обещают побить рекорды по явке и преподнести сюрпризы. Их итог станет определяющим для оставшихся двух лет президентства Дональда Трампа и отразится на возможном исходе "российского расследования", а также на карьере спецпрокурора Роберта Мюллера.



MERGENSOZ

Алматы облысы: Ұлыстың ұлы күнінде 80 отбасы баспаналы болды
MUQTAR MAGAUIN

«Ол – Совет (Кеңес емес!) өкіметінің заманы. Енді – Тәуелсіздік аталатын жаңа дәуір. Бірақ бүгінгі Қазақстан өкіметінің (қазір «билік» дейтін болыпты) осындағы байырғы жұрт – қазақ халқына қатысты жүргізіп отырған барлық шаруасы, нақты саясаты мен көпе-көрнеу ішкі пиғылы бұдан екі ғасыр бұрынғы Америка құрлығындағы отаршылардың жергілікті үндіс халқына қатысты төтенше шараларын еске түсіреді. Әлбетте, тікелей, жаппай қырып-жою жоқ, оған мүмкіндік те табылмас еді, әйткенмен, тереңнен, нақты ойластырған және ішінара жүзеге асып та жатқан жүйелі қарекеті ешқандай күмәнсіз, ақиқат байламдар жасауға негіз береді – қазіргі Қазақстан өкіметі осы ел мен жерді мың жылдар бойы мекендеп…

Подробнее

BairaqTV