• USD/ KZT - 378.17
  • EUR/ KZT - 429.11
  • RUB/ KZT - 5.88
  • CNY/ KZT - 56.48
Абақтыға олигарх түссе, түрме бастығы қуанады
28.05.2018, 12:34

Абақтыға олигарх түссе, түрме бастығы қуанады

Экономикалық дағдарыс қылмыстық жазалау мекемелерінің басшыларына да ақша табудың жаңа жолдарын іздете бастады. Алаңдайтындай жөн бар.
Тәуелсіз Қазақстанға   1950-60 жылдары Хрущев заманында  салынған 86 түрме мұраға қалса, олардың тесілген төбесін жөндеу мен  тозған шегесін ауыстыру жылдан-жылға қиындап барады. Өйткені, жаңадан абақты салам десең, басың пәлеге қалады. Ол абақты еуропалық стандартқа сай болу керек, абақтың еуростандарт болмай шықса, адам құқығын қорғаушы комиссарлар төбеңді теседі. Төбе тесудің арты Қазақстанның халықаралық имиджіне нұқсан келтірумен аяқталады.  Онсыз да түрме санының көптігі мен  жазасын өтеушілердің саны жағынан ең алдыңғы қатарда деген жаман атақтан әлі арылған жоқпыз. Осы себептен де қылмыстық-атқару жүйесінің құзырына Сталин заманының стандартын жамап-жасқаудан басқа жол болмай тұр.
 
 
Елімізде бір облысқа 6 түрмеден келсе, онда 30 мыңнан астам азаматымыз жазасын өтеп жатыр.   Түрмеге түсетіндердің дені - кедейлер. Негізінен,  ұрлық, бопсалау, зорлық-зомбылық жасағандар. Содан да болар, соңғы уақытта қылмыстық жазаға кесілген бұрынғы министрлер мен олигархтар үшін абақты бастықтары таласып қалатын болып жүр. Парамен ұсталған әкімдер түссе тіпті жақсы. Олар шаруаның  ретін біліп, абақтының анау-мынау тозып тұрған жерін, әсіресе, шатырын жаңалап береді. Әрі жасаған жақсылықтарын жариялай бермейді. Алайда абақтыға олигархтардың түсе беруі екіталай болғандықтан, қылмыстық-атқару  жүйесінің  мекеме  бастықтары қарапайым жазасын өтеушілерге жұмыс көздерін іздеуге кіріскен. 
 
 
 
Түзету мекемелерінен  тегін орын беріп, тек коммуналдық шығындарын ғана төлеп тұратындықтан, жеке кәсіпкерлер осы жерлерден шағын цехтар ашқан. Ақтөбе облысының  Жем қаласындағы түрмесінен ашылған цехта 25 адам жұмыс киімдерін тігіп, табыс тауып отыр. Ақтөбенің 3 түрмесіндегі жазасын өтеушілерді токарь, газэлектрдәнекерлеуші, ағаш шебері, тігінші, аспаз мамандығына  оқытып  шығатын 2 колледж ашылған.  Онда 153 адам оқып жатыр.
 
 
ІІМ қылмыстық-атқару  жүйесі комитетінің жанынан «Еңбек»  республикалық -қазынашылық кәсіпорны осы  мақсатта құрылғанына көп уақыт өте қоймаса да,  ел қазынасына 1 миллиард 300 миллион салық төлеп үлгеріпті.
Ақтөбеде абақтыда отырған азаматтардың қолымен жасалған бұйымдар жәрмеңкесіне тұрмысқа қажетті  металл, ағаштан жасаған бұйымдар қойылды. «Кәсіпкерлердің тауарларының  бағасына қарағанда біздің адамдарымыздың жасаған тауарлары 20 пайызға арзан болғандықтан, өтімі жақсы. Жасаған бұйымы үшін жазасын өтеушіге жалақы төленеді, негізінен орташа жалақы айына 35 мың теңге»,- дейді  «Еңбек» республикалық-қазынашылық кәсіпорныны  бас директорының орынбасары Марат Салин.
 
 
Ақтөбедегі көрме-жәрмеңкег 500 тауар түрі әкелінді, соның ішінде жол тақтайшалары,  қоқыс контейнерлері, жұмыс киімдері, ағаштан жасалған  сувенирлік бұйымдар, орындықтар, тіпті тамаша шеберлікпен жасалған жылжымалы вагон-үй  де бар. Осы бұйымдарға мектеп, балабақша мекемелерінің қызметкерлері аса қызығушылық  танытты.
Баян Сәрсембина, Ақтөбе облысы.
1966
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

Абақтыға олигарх түссе, түрме бастығы қуанады
Жеңілген Қонақбаев "бокстың болашағы үшін күресе бермек"

"Боксқа адалмын, сондықтан бокстың олимпиададағы болашағы үшін, жас боксшылар үшін күресті жалғастыра беремін. Бұл соңы емес, бұл - боксты құтқарудың басы. Күрестен қашпаймыз. Бұл - бірінші раунд. Екінші раунд басталуға жақын" деді Қонақбаев Inside the Games сайтына берген сұхбатында.



Абақтыға олигарх түссе, түрме бастығы қуанады
Чем закончатся выборы в США и что изменится для Трампа и России - три сценария

Промежуточные выборы в США обещают побить рекорды по явке и преподнести сюрпризы. Их итог станет определяющим для оставшихся двух лет президентства Дональда Трампа и отразится на возможном исходе "российского расследования", а также на карьере спецпрокурора Роберта Мюллера.



MERGENSOZ

Абақтыға олигарх түссе, түрме бастығы қуанады
MUQTAR MAGAUIN

«Ол – Совет (Кеңес емес!) өкіметінің заманы. Енді – Тәуелсіздік аталатын жаңа дәуір. Бірақ бүгінгі Қазақстан өкіметінің (қазір «билік» дейтін болыпты) осындағы байырғы жұрт – қазақ халқына қатысты жүргізіп отырған барлық шаруасы, нақты саясаты мен көпе-көрнеу ішкі пиғылы бұдан екі ғасыр бұрынғы Америка құрлығындағы отаршылардың жергілікті үндіс халқына қатысты төтенше шараларын еске түсіреді. Әлбетте, тікелей, жаппай қырып-жою жоқ, оған мүмкіндік те табылмас еді, әйткенмен, тереңнен, нақты ойластырған және ішінара жүзеге асып та жатқан жүйелі қарекеті ешқандай күмәнсіз, ақиқат байламдар жасауға негіз береді – қазіргі Қазақстан өкіметі осы ел мен жерді мың жылдар бойы мекендеп…

Подробнее

BairaqTV