• USD/ KZT - 379.36
  • EUR/ KZT - 424.47
  • RUB/ KZT - 5.88
  • CNY/ KZT - 54.95
04.07.2018, 15:06

"Жаңа Қазақстан" Қазақстанды жаңартпақ

Бүгін "Жаңа Қазақстан" форумы өкілдері Әміржан Қосанов, Айдос Сарым, Дос Көшім және Расул Жұмалы Алматыдағы кеңселерінде екінші баспасөз мәслихатын өткізді. Естеріңізде болса, форум мүшелері алғашқы жиынын Еуропарламентке барып келген соң жасаған.
24-27 маусым күндері мұхит асқан "Жаңа Қазақстан" жетекшілері АҚШ-та халықаралық демократиялық институттар мен зерттеу орталықтарында кездесу өткізді. Саясаттанушы Айдос Сарымның айтуынша, бұл сапарды АҚШ саясаткерлері қызу қолдаған. Өйткені қазіргідей ашық қоғамда Түркіменстан сияқты тас бүркеніп жатып алуға болмайды. 
Саясаткер Әміржан Қосановтың ойынша, соңғы кезде "Жаңа Қазақстан" форумына деген жағымсыз пікір азайған. Мұның бірнеше себебі бар. Ең бастысы, форумның бағыты дұрыс және таныла бастады. Сондай-ақ жұрт "ескірген Қазақстанды жаңарту" идеясын қызу қолдайды.  
"Еуропарламентке, АҚШ-конгресіне барғандарыңыз дұрыс қой, дегенмен "Жаңа Қазақстанды" алдымен Қазақстанда неге танытып алмайсыздар? Неге ел араламайсыздар?" деген сұрақ тілдің ұшында тұр еді, бұған саясаттанушы Дос Көшім тұшымды жауапты алдын ала айтып тастады. 
"Кейбіреулер ойлайтын шығар, бұлар неге Батысты ғана жағалап жүр деп. Біз тек Еуропа мен АҚШ-қа бағыт ұстап отырған жоқпыз, ел ішінде де белсенді жұмыс бастадық. Бұған дейін еліміздің батыс өңірлерін аралап келдік. Сәтін салса, билік кедергі келтірмесе, алдағы уақытта еліміздің бірқатар өңірлерін аралап, ел-жұртпен кездесу жасаймыз" деді Дос Көшім. 
Дипломат әрі саясаттанушы Расул Жұмалы да біраз нәрсенің басын ашып берді. Оның айтуынша, билік транзиті, халықаралық қатынастар, ұлт болып қалу-қалмау, тіл, жерге қатысты түйіні шешілмеген көптеген мәселе бар және бұларды шешу кезек күттірмейді.
"Жаңа Қазақстан" форумын кім қаржыландырады?", "Билікпен байланыстарыңыз бар ма?", "Әблязов пен Қажыгелдинге қатысты көзқарастарыңыз қандай?" деген "ескі" сұрақтар бұл жолы да қойылды. Алайда форум мүшелері бұл сұрақтардың бәріне тиянақты жауап берді. "Жұмысымызды халыққа түсіндіру үшін ешқашан шаршамауымыз керек және ерінбеуіміз қажет" деді Ә.Қосанов.
Бұдан былай әр ай сайын "Жаңа Қазақстан" форумы жетекшілері ел алдына шығып, осылай есеп береді және баспасөз мәслихатын әлеуметтік желілерде тікелей эфирден көрсететін болды.    
1867
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

Томские ученые обнаружили бактерию, которая смогла бы жить на Марсе

НОВОСИБИРСК, 3 апр – РИА Новости. Ученые Томского госуниверситета (ТГУ) первыми в мире обнаружили в подземных водах термального источника в Верхнекетском районе региона бактерию, которая способна получать энергию без света и кислорода, а значит теоретически смогла бы жить на Марсе, сообщает в среду пресс-служба вуза.



Жаһандану – апат емес немесе эволюция туралы эссе

...Бір байқағаным, антижаһандану риторикасы көбінесе постсответтік кеңістік елдерінің өкілдеріне ғана тән болып шықты: дамыған, батыс және шығыс елдерінің өкілдері ондай асыра сілтеуші кертартпалықа бара қоймады. Керісінше, жаңаша талаптар тұсында әдебиет те жаңалану керек дегендей орынды ой айтып жатты. Бір байқасам, олардың сөздері ғана емес, көздері де, өздері де, керек десеңіз, киімі мен жүріс-тұрыстары да бөлек, баршаны бір стандартқа салып тастаған құрсаудан ада екен!



MERGENSOZ

Ermek TURSYNOV

Ел аралап жүргенде тағы неге көзім жетті? Біз қожайын болудан қалыппыз, біз – қызметшіміз. 

Ермек ТҰРСЫНОВ

 

Подробнее

BairaqTV