• USD/ KZT - 378.17
  • EUR/ KZT - 429.11
  • RUB/ KZT - 5.88
  • CNY/ KZT - 56.48
Трамп пен Мирзияев қандай мәселелерді талқыламақ?
15.05.2018, 16:44

Трамп пен Мирзияев қандай мәселелерді талқыламақ?

Мамырдың 16-сы күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыртуымен алғаш рет Ақ үйге ресми сапармен бармақ. Екі ел президенттері кездесуде адам құқығы мәселелерін, Орталық Азиядағы Қытай мен Ресей әрекеттерін сөз етеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті елдегі экономикалық реформалар мен адам құқығын жақсартуды жалғастыра беруге үгіттемек. Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілдері айтты.
Ақ үй жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің Орталық және Оңтүстік Азия жөніндегі өкілі Лиза Кертис "Мирзияев билікке келгелі Өзбекстан үлкен қадамдар жасағанын" айтты.
Оның сөзінше, Ақ үй өкілдері Мирзияевтен елдегі ұзақ уақыттан бері қордаланған адам құқықтары, еркінен тыс жұмысқа жегу, дін және сөз бостандығы мәселелерін шешуді сұрайды.
"Бұл сапар - Мирзияев жасап жатқан реформаларды кеңейту үлкен мүмкіндік" деді Кертис мамырдың 14-і күні Атлант кеңесінің кездесуінде.
Кертистің айтуынша, "Мирзияевпен бірге АҚШ-қа бизнесмендер мен шенеуніктер келеді. Екі ел төрт миллиард доллардың келісім-шартына қол қояды".
"Кездесуде екі ел президенттері Қытай мен Ресейдің Орталық Азиядағы әрекеттерін де талқылайды. Ауғанстандағы мәселелерді шешу жолдарын сөз етеді" деді Кертис.
Ал америка-өзбек сауда палатасының төрайымы Кэролин Лэмм “Узбекистан 24” телеарнасына берген сұхбатында екі елдің мұнай-газ және түрлі-түсті металлургия бойынша әріптестік орнатуға мүдделі екенін айтты.
Трамп пен Мирзияев мамырдың 16-ы күні Вашингтонда кездеседі. Мирзияевтің АҚШ-қа сапары алдында Ташкент Өзбекстанда және елден тысқары жерлерде еңбек мигранттарының құқығын қорғаумен айналысқан белсенді Фахриддин Тилляевті түрмеден босатты. Тилляев 2014 жылы "адам саудалады" деген айыппен 11 жылға сотталған еді. Белсенді бұл істе "саяси астар бар" деген.
Өзбекстанда 2016 жылы президент Ислам Каримов қайтыс болып, орнына Шавкат Мирзияев келгелі бірнеше саяси тұтқын бостандыққа шығып, шетте кеткендер елге орала бастады. Өзбекстан президенті елге шетелдік инвесторларды тартып, "тұралап қалған ел экономикасын дамыту үшін" бірнеше реформа қабылдады.
Халықаралық Amnesty International (AI) адам құқығын қорғау ұйымы АҚШ президенті Дональд Трампты Өзбекстан басшысымен болатын кездесуде адам құқығына қатысты реформаларды жалғастырып, тереңдету туралы үгіттеуге шақырды.
АҚШ президентіне жолданған хатта құқық қорғау ұйымы өкілдері "Мирзияевтің Ақ үйге алғашқы сапары сіз үшін Өзбекстанды ұзақ уақыт бойы кейінге шегеріліп келген адам құқығы реформаларын жасауға ынталандыру бойынша маңызды мүмкіндік болмақ” деп жазған.
Мирзияев билікке келгелі Каримов билігі кезінен елдегі күштік құрылымдарды басқарып келгендерді орнынан алған. Сарапшылар Мирзияевтің бұл істерін "билігін күшейту әрекеті" дейді.
Адам құқығы жөніндегі халықаралық Human Rights Watch ұйымы наурыздың 24-і күні жариялаған есебінде Өзбекстанда елдегі жағдайды сынағандар, саяси тұтқындар мен журналистердің біразы әлі қамауда отырғанын жазған.
Трамп пен Мирзяев ең алғаш рет 2017 жылы мамыр айында Эр-Риядта өткен араб-мұсылман елдері және АҚШ арасындағы саммит барысында кездескен.
Мирзяев өткен жылы күзде Нью-Йоркке сапарында бірқатар американдық компаниялармен кездесіп, екіжақты бизнес-форумға қатысқан. Форумның нәтижесінде АҚШ компанияларымен жалпы құны 2,6 миллиард доллар болатын мұнай-газ, мұнай-химия, машинақұрылыс, электротехника өнеркәсібі және азаматтық авиация саласына қатысты құжаттарға қол қойылған.
«Азаттық радиосы».
1234
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

Трамп пен Мирзияев қандай мәселелерді талқыламақ?
Жеңілген Қонақбаев "бокстың болашағы үшін күресе бермек"

"Боксқа адалмын, сондықтан бокстың олимпиададағы болашағы үшін, жас боксшылар үшін күресті жалғастыра беремін. Бұл соңы емес, бұл - боксты құтқарудың басы. Күрестен қашпаймыз. Бұл - бірінші раунд. Екінші раунд басталуға жақын" деді Қонақбаев Inside the Games сайтына берген сұхбатында.



Трамп пен Мирзияев қандай мәселелерді талқыламақ?
Чем закончатся выборы в США и что изменится для Трампа и России - три сценария

Промежуточные выборы в США обещают побить рекорды по явке и преподнести сюрпризы. Их итог станет определяющим для оставшихся двух лет президентства Дональда Трампа и отразится на возможном исходе "российского расследования", а также на карьере спецпрокурора Роберта Мюллера.



MERGENSOZ

Трамп пен Мирзияев қандай мәселелерді талқыламақ?
MUQTAR MAGAUIN

«Ол – Совет (Кеңес емес!) өкіметінің заманы. Енді – Тәуелсіздік аталатын жаңа дәуір. Бірақ бүгінгі Қазақстан өкіметінің (қазір «билік» дейтін болыпты) осындағы байырғы жұрт – қазақ халқына қатысты жүргізіп отырған барлық шаруасы, нақты саясаты мен көпе-көрнеу ішкі пиғылы бұдан екі ғасыр бұрынғы Америка құрлығындағы отаршылардың жергілікті үндіс халқына қатысты төтенше шараларын еске түсіреді. Әлбетте, тікелей, жаппай қырып-жою жоқ, оған мүмкіндік те табылмас еді, әйткенмен, тереңнен, нақты ойластырған және ішінара жүзеге асып та жатқан жүйелі қарекеті ешқандай күмәнсіз, ақиқат байламдар жасауға негіз береді – қазіргі Қазақстан өкіметі осы ел мен жерді мың жылдар бойы мекендеп…

Подробнее

BairaqTV