• USD/ KZT - 378.17
  • EUR/ KZT - 429.11
  • RUB/ KZT - 5.88
  • CNY/ KZT - 56.48
Ердоған елшілерін шақыртып алды
15.05.2018, 16:21

Ердоған елшілерін шақыртып алды

Түркияның президенті Ережеп Ердоған Газа секторындағы оқиғаға байланысты АҚШ пен Израильдегі елшілерін кеңесуге шақыртып алды.
АҚШ өз елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшірген күні Израиль мен Палестина шекарасында бүлік басталып, елуден астам палестиндік оққа ұшқан.
Осы қанды оқиғаға байланысты Ережеп Ердоған дүйсенбі күні Ұлыбританияға барған сапарында NTV арнасынан былай деп мәлімдеме жасады: «Түркия бұл әрекетті қатаң сынайды. Біз Вашингтон мен Тель-Авивтегі елшілерімізді кеңесу үшін шақыртып алдық. Біз Ислам ынтымақтастығы ұйымының шұғыл саммитін өткіземіз және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын шақыртуда ұсынамыз. Бірқатар елдердің басшыларымен келіссөз жүргіземіз. Ертеңнен бастап үш күндік қаралы күн жариялаймыз».
Кейбір мәліметтерге қарағанда, Газа секторындағы қақтығыс кезінде 55 палестиндік оққа ұшып, 2771 адам жараланған. Қаза болғандардың арасында балалар да бар. 
1408
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

Ердоған елшілерін шақыртып алды
Жеңілген Қонақбаев "бокстың болашағы үшін күресе бермек"

"Боксқа адалмын, сондықтан бокстың олимпиададағы болашағы үшін, жас боксшылар үшін күресті жалғастыра беремін. Бұл соңы емес, бұл - боксты құтқарудың басы. Күрестен қашпаймыз. Бұл - бірінші раунд. Екінші раунд басталуға жақын" деді Қонақбаев Inside the Games сайтына берген сұхбатында.



Ердоған елшілерін шақыртып алды
Чем закончатся выборы в США и что изменится для Трампа и России - три сценария

Промежуточные выборы в США обещают побить рекорды по явке и преподнести сюрпризы. Их итог станет определяющим для оставшихся двух лет президентства Дональда Трампа и отразится на возможном исходе "российского расследования", а также на карьере спецпрокурора Роберта Мюллера.



MERGENSOZ

Ердоған елшілерін шақыртып алды
MUQTAR MAGAUIN

«Ол – Совет (Кеңес емес!) өкіметінің заманы. Енді – Тәуелсіздік аталатын жаңа дәуір. Бірақ бүгінгі Қазақстан өкіметінің (қазір «билік» дейтін болыпты) осындағы байырғы жұрт – қазақ халқына қатысты жүргізіп отырған барлық шаруасы, нақты саясаты мен көпе-көрнеу ішкі пиғылы бұдан екі ғасыр бұрынғы Америка құрлығындағы отаршылардың жергілікті үндіс халқына қатысты төтенше шараларын еске түсіреді. Әлбетте, тікелей, жаппай қырып-жою жоқ, оған мүмкіндік те табылмас еді, әйткенмен, тереңнен, нақты ойластырған және ішінара жүзеге асып та жатқан жүйелі қарекеті ешқандай күмәнсіз, ақиқат байламдар жасауға негіз береді – қазіргі Қазақстан өкіметі осы ел мен жерді мың жылдар бойы мекендеп…

Подробнее

BairaqTV