• USD/ KZT - 356.8
  • EUR/ KZT - 408.89
  • RUB/ KZT - 5.34
  • CNY/ KZT - 52.08
06.08.2018, 17:54

Храпунов "вор в законе" ме?

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Виктор Храпунов пен Лейла Храпуноваға және тағы он адамға қатысты сот отырысы басталды.
Сот Виктор мен Лейласыз өтіп жатыр. Бұлардан бөлек тағы бір күдікті Айяра Ілиясова да жоқ. Яков Заяц, Ғабиден Қайымсұлтанов, Қуандық Бискультанов, Абай Сапаров, Алтай Қасымов, Серік Есмұханов, Айнагүл Садықбаева, Абылайхан Қармысов және Абдул-Ғазиз Мұқашев ешқайда кетпеу жөнінде қолхат жазған.
Сонымен, Виктор Храпуновқа қандай айып тағылды?
"Жеке бас мүддесін күйттеген Виктор мен Лейла Храпуновтар қылмыстық топ құрып, оны басқарған. Қылмыстық топтың негізгі қызметі - бюджет қаржысын заңсыз жымқыру, мемлекет меншігіндегі жылжымайтын мүліктерді иелену, пара алу, аударылған қаржыны заңдастыру".
Сот процесі барысында Храпуновтарға тағылған айыптың бір парасы осы екенін білдік.
В.Храпунов Алматы қаласының әкімі кезінде лақап аты "полтиник" деп еститінбіз. Олай дейтіні, құжатқа қол қою үшін 50 мың доллардан кем пара алмайды-мыс. Қылмыс әлемінде "вор в законе" дейтін ұғым бар. Бұлар - қылмыс әлемінің серкелері. Енді осы ұғымды бұрынғы-соңғы мемлекеттік қызметшілерге қарай бұрып көрейікші. Храпуновты "вор в законе" деуге бола ма? Әлде ол көп ұрының бірі ғана ма? 
Қош, Храпуновтардың өздері қатыспаса да, сот отырысы басталды. Күйеуінің түкірігі жерге түспей тұрғанда Лейла өзін президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның жақын құрбысы етіп көрсететін. Бекерден-бекер өйтпеген шығар. Ендеше, сотқа Дариға Нұрсұлтанқызын куәгер ретінде шақырса, әлдеқайда сенімді болар еді...  
142
0

Write a message

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM

Денис Теннің мезгілсіз қазасы жанына батқандардың бәрі қайғы жамылған. Әлеуметтік желі күңіреніп тұр. Лауазымдылардың бірқатары халыққа көңіл айтты. Бірақ осы істің ең басты жауапкері – Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов үнсіз. Көпшілік Қалмұханбет Қасымовтың отставкаға кетуін талап етті. Бірақ оның өз еркімен кетуі екіталай. Қасымовтан мұндай…



saraptama

Шесть арестов, зарубежные организаторы: что Венесуэла говорит о покушении на президента Мадуро

В покушении было задействовано два летательных аппарата на самоуправлении. Власти Венесуэлы утверждают, что один из дронов удалось заранее нейтрализовать с помощью средств для перехвата радиоуправляемых устройств. Он взорвался в воздухе. Другой дрон, на котором был размещен более крупное взрывное устройство, упал на землю, пишет El Nacional, и взорвался. Именно в результате этого взрыва пострадали семь человек. Трое из них в тяжелом состоянии, еще четверо - в стабильном.



Қазақстан полициясында реформа бола ма?

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Алматының орталығында пышақтап өлтіру қылмысы қоғамдық қауіпсіздік мәселесін талқылауды бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерді. Өз өмірі үшін алаңдаған жұрт полицияның әрекетін сынап, ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етті. Сарапшылар пікірінше, ендігі мәселе азаматтардың талабын құптап, ІІМ-де реформа бастауы тиіс билікке тіреледі.



MERGENSOZ

SAKEN SYBANBAI

Түркия шақырды: «Жағажайыма келіп, күнге қыздырын!».
Тайланд қызықтырды: «Келіп, массаж жасат, суретке түс!».
Үндістан үгіттеді: «Тарихи жерлерімді тамашала, пілге мін!».
Айлығым айтты: «Оттапты бәрі, отыр үйіңде!».
("ЖАЗ. ДЕМАЛЫС" циклынан 3-анекдот)))

Подробнее

BairaqTV