• USD/ KZT - 379.36
  • EUR/ KZT - 424.47
  • RUB/ KZT - 5.88
  • CNY/ KZT - 54.95
Әміржан Қосановты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді
06.05.2019, 13:03

Әміржан Қосановты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы 6 мамырда "Ұлт тағдыры" қозғалысының үміткері Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеді.

Қосанов міндетті 118 140 қолдан асырып, 131 189 қол жинаған. Орталық сайлау комиссиясы оның 129 582-сін есепке алғанын хабарлады.

Қосанов қол жинау кезінде "түрлі арандатулар мен қасақана ақпараттық шабуылдар болғанын" айтты.

- Сайлау комиссиясы мені кандидат ретінде тіркейді дегенге үміттен гөрі күдік басым болды. Бірақ бұл күнді [Қазақстан президенті Қасым-Жомарт] Тоқаевтың "сайлау әділ өтеді" деген сөзінің нышаны санаймын. Мені кандидат ретінде тіркеуді өзіме берілген аванс деп білемін, - деді Қосанов.

Қосанов - Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркелген ең соңғы үміткер.

Бұған дейін ОСК "Нұр Отан" партиясы сайлауға үміткер ретінде ұсынған Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен "Ұлы дала қырандары" қозғалысы ұсынған үміткер Сәді-Бек Түгел, "Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы" ұсынған Амангелді Таспиховті, "Ақ жол" партиясы ұсынған Дания Еспаеваны, "Ауыл" партиясы ұсынған Төлеутай Рақымбековті, Қазақстан коммунистік халық партиясы ұсынған Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеген.

261
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

Әміржан Қосановты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді
Томские ученые обнаружили бактерию, которая смогла бы жить на Марсе

НОВОСИБИРСК, 3 апр – РИА Новости. Ученые Томского госуниверситета (ТГУ) первыми в мире обнаружили в подземных водах термального источника в Верхнекетском районе региона бактерию, которая способна получать энергию без света и кислорода, а значит теоретически смогла бы жить на Марсе, сообщает в среду пресс-служба вуза.



Әміржан Қосановты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді
Жаһандану – апат емес немесе эволюция туралы эссе

...Бір байқағаным, антижаһандану риторикасы көбінесе постсответтік кеңістік елдерінің өкілдеріне ғана тән болып шықты: дамыған, батыс және шығыс елдерінің өкілдері ондай асыра сілтеуші кертартпалықа бара қоймады. Керісінше, жаңаша талаптар тұсында әдебиет те жаңалану керек дегендей орынды ой айтып жатты. Бір байқасам, олардың сөздері ғана емес, көздері де, өздері де, керек десеңіз, киімі мен жүріс-тұрыстары да бөлек, баршаны бір стандартқа салып тастаған құрсаудан ада екен!



MERGENSOZ

Әміржан Қосановты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді
Ermek TURSYNOV

Ел аралап жүргенде тағы неге көзім жетті? Біз қожайын болудан қалыппыз, біз – қызметшіміз. 

Ермек ТҰРСЫНОВ

 

Подробнее

BairaqTV