• USD/ KZT - 379.36
  • EUR/ KZT - 424.47
  • RUB/ KZT - 5.88
  • CNY/ KZT - 54.95
АКАДЕМИК ӘБДУӘЛИ ҚАЙДАР ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
27.02.2019, 17:26

АКАДЕМИК ӘБДУӘЛИ ҚАЙДАР ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

Академик Әбдуәли Қайдар 95 жасына қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының ғалым-хатшысы Мейрамбек Таубалдиев: «Ана тілінің абызы, академик Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы өмірден озды. Отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бақұл болыңыз, ана тілдің маршалы!» – деп жазды Facebook желісінде.

Әбдуәли Қайдар 1924 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. 1942 жылы қазақ орта мектебінің 9 сыныбын және он айлық педагогика курсын аяқтасымен, өз еркімен сұранып майданға аттанды. Майдандағы жауынгерлік ерлігі үшін Ә.Қайдар ІІІ дәрежелі «Даңқ» (1944), І дәрежелі және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» (1944), екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» (1945) ордендерімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Москваны қорғағаны үшін» т.б. медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейін Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген Ә.Қайдар, 1951 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының аспирантурасына қабылданып, оны 1954 жылы «ұйғыр тілі» мамандығы бойынша бітірген. Кіші ғылыми қызметкерден (1954) академиялық ғылыми-зерттеу институтының директорлығына (1978) дейінгі ғалымның ғылымдағы ғұмыры ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының қара шаңырағы астында өтті.

Әбдуәли Қайдар –  қазақ тіл білімінің көрнекті маманы, белгілі түркітанушы, Шоқан Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері (1971), Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1983), Түркияның «Türk Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті (академик) мүшесі (1989), Башқұртстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (1991), ҚР Президенті жанындағы Ішкі саясат комитетінің мүшесі (1995), Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті (2004), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Ә.Т.Қайдар «Халық достығы» ордені, «Отан» ордені, «Құрмет нышаны» (Түркия ордені), «Ана тілінің айбары» алтын белгісімен және 12 медаль, көптеген құрмет грамоталарымен марапатталған.

285
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

АКАДЕМИК ӘБДУӘЛИ ҚАЙДАР ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Томские ученые обнаружили бактерию, которая смогла бы жить на Марсе

НОВОСИБИРСК, 3 апр – РИА Новости. Ученые Томского госуниверситета (ТГУ) первыми в мире обнаружили в подземных водах термального источника в Верхнекетском районе региона бактерию, которая способна получать энергию без света и кислорода, а значит теоретически смогла бы жить на Марсе, сообщает в среду пресс-служба вуза.



АКАДЕМИК ӘБДУӘЛИ ҚАЙДАР ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Жаһандану – апат емес немесе эволюция туралы эссе

...Бір байқағаным, антижаһандану риторикасы көбінесе постсответтік кеңістік елдерінің өкілдеріне ғана тән болып шықты: дамыған, батыс және шығыс елдерінің өкілдері ондай асыра сілтеуші кертартпалықа бара қоймады. Керісінше, жаңаша талаптар тұсында әдебиет те жаңалану керек дегендей орынды ой айтып жатты. Бір байқасам, олардың сөздері ғана емес, көздері де, өздері де, керек десеңіз, киімі мен жүріс-тұрыстары да бөлек, баршаны бір стандартқа салып тастаған құрсаудан ада екен!



MERGENSOZ

АКАДЕМИК ӘБДУӘЛИ ҚАЙДАР ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Ermek TURSYNOV

Ел аралап жүргенде тағы неге көзім жетті? Біз қожайын болудан қалыппыз, біз – қызметшіміз. 

Ермек ТҰРСЫНОВ

 

Подробнее

BairaqTV