• USD/ KZT - 379.29
  • EUR/ KZT - 426.4
  • RUB/ KZT - 5.93
  • CNY/ KZT - 56.58
Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті
15.04.2019, 13:50

Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті

Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев фейсбуктегі жеке парақшасында тегін Рахат деп өзгертті, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

Айсұлтан Назарбаев фейсбук әлеуметтік желісінде аты-жөнін Айсұлтан Рахат (Aisultan Rakhat) деп, ал отбасылық жағдайын «ажырасқан» деп өзгерткен.

Ондағы мәліметке сүйенсек, тұңғыш президенттің жиені осы жылдың 5 ақпанында ажырасқан.

Айсұлтанның «Назарбаев» тегінен бас тартқаны туралы танымал блогерлер де желіде жазып жатыр.

Кеше Айсұлтан Назарбаев әлеуметтік желіде видео жариялап, Қағбаны айналып жүргенін көрсеткен болатын.

Айта кетсек, Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе «президенттің сүйікті жиені» деп атайды.

1990 жылы 26 тамызда өмірге келген. Бала кезден футболға қызығады. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпинатының іріктеу турниріне қатысады. «Челси» және «Портсмут» жастар командалары мен қазақстандық «Астана» командасында ойнаған.

2013 жылы «ҚазРомГаз» АҚ басшысы Қайрат Боранбаевтың қызына үйленген еді. Айсұлтанның жары болған Алима – белгілі актер Әнуар Боранбаевтың немересі.

2016 жылдың жазында екі жастың отбасында Амели есімді қыз дүниеге келді.

101
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті
Томские ученые обнаружили бактерию, которая смогла бы жить на Марсе

НОВОСИБИРСК, 3 апр – РИА Новости. Ученые Томского госуниверситета (ТГУ) первыми в мире обнаружили в подземных водах термального источника в Верхнекетском районе региона бактерию, которая способна получать энергию без света и кислорода, а значит теоретически смогла бы жить на Марсе, сообщает в среду пресс-служба вуза.



Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті
Жаһандану – апат емес немесе эволюция туралы эссе

...Бір байқағаным, антижаһандану риторикасы көбінесе постсответтік кеңістік елдерінің өкілдеріне ғана тән болып шықты: дамыған, батыс және шығыс елдерінің өкілдері ондай асыра сілтеуші кертартпалықа бара қоймады. Керісінше, жаңаша талаптар тұсында әдебиет те жаңалану керек дегендей орынды ой айтып жатты. Бір байқасам, олардың сөздері ғана емес, көздері де, өздері де, керек десеңіз, киімі мен жүріс-тұрыстары да бөлек, баршаны бір стандартқа салып тастаған құрсаудан ада екен!



MERGENSOZ

Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті
QASYM-JOMART TOQAEV

БАРЫМЫЗ ДА, БАҒЫМЫЗ ДА – ТӘУЕЛСІЗДІК.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, 
Қазақстан Республикасының Президенті
 

Подробнее

BairaqTV