• USD/ KZT - 378.17
  • EUR/ KZT - 429.11
  • RUB/ KZT - 5.88
  • CNY/ KZT - 56.48
Модричті қамай ма?
24.09.2018, 12:44

Модричті қамай ма?

Футболдан биыл өткен әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы - хорваттардың мақтанышы Лука Модрич Испанияда айыпты деп танылды.
El Mundo басылымының жазуынша, салықтан жалтарғаны үшін Испания билігі Лука Модричті сегіз айға түрме жабу туралы шешім шығарған. Алайда Лука құзырлы органдармен келісіп, түрме жазасын айыппұлға ауыстырыпты. Айыппұлды да аз емес. 
Өткен жылдың қараша айында Мадрид прокуратурасының экономикалық қылмыстармен күрес бөлімі Лука Модричті "870 мың еуро салық төлемеді" деп айыптаған. Испания заңына сәйкес, түрме жазасын айыппұлға ауыстыруға болады. Лука күні бүгінге дейін миллион еуро төлеп қойыпты, енді тағы 400 мың еуро құюы керек. Сонда ғана түрме жазасынан құтылады. 
Бұған дейін дәл осындай айып жаттықтырушы Жозе Моуриньюға, футболшылар Криштиану Роналду мен Марселоға тағылған.
497
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

Модричті қамай ма?
Жеңілген Қонақбаев "бокстың болашағы үшін күресе бермек"

"Боксқа адалмын, сондықтан бокстың олимпиададағы болашағы үшін, жас боксшылар үшін күресті жалғастыра беремін. Бұл соңы емес, бұл - боксты құтқарудың басы. Күрестен қашпаймыз. Бұл - бірінші раунд. Екінші раунд басталуға жақын" деді Қонақбаев Inside the Games сайтына берген сұхбатында.



Модричті қамай ма?
Чем закончатся выборы в США и что изменится для Трампа и России - три сценария

Промежуточные выборы в США обещают побить рекорды по явке и преподнести сюрпризы. Их итог станет определяющим для оставшихся двух лет президентства Дональда Трампа и отразится на возможном исходе "российского расследования", а также на карьере спецпрокурора Роберта Мюллера.



MERGENSOZ

Модричті қамай ма?
MUQTAR MAGAUIN

«Ол – Совет (Кеңес емес!) өкіметінің заманы. Енді – Тәуелсіздік аталатын жаңа дәуір. Бірақ бүгінгі Қазақстан өкіметінің (қазір «билік» дейтін болыпты) осындағы байырғы жұрт – қазақ халқына қатысты жүргізіп отырған барлық шаруасы, нақты саясаты мен көпе-көрнеу ішкі пиғылы бұдан екі ғасыр бұрынғы Америка құрлығындағы отаршылардың жергілікті үндіс халқына қатысты төтенше шараларын еске түсіреді. Әлбетте, тікелей, жаппай қырып-жою жоқ, оған мүмкіндік те табылмас еді, әйткенмен, тереңнен, нақты ойластырған және ішінара жүзеге асып та жатқан жүйелі қарекеті ешқандай күмәнсіз, ақиқат байламдар жасауға негіз береді – қазіргі Қазақстан өкіметі осы ел мен жерді мың жылдар бойы мекендеп…

Подробнее

BairaqTV