• USD/ KZT - 378.17
  • EUR/ KZT - 429.11
  • RUB/ KZT - 5.88
  • CNY/ KZT - 56.48
М.САЛИХОВ: Билік пен халықтың арасы алшақтап кетті
25.04.2018, 14:47

М.САЛИХОВ: Билік пен халықтың арасы алшақтап кетті

 
«Мұнай өңдейтін төртінші зауыттың бізге керегі жоқ»
- Ал енді Сіз айтып отырған осы мәселені шешуге не кедергі?
- Жемқорлық! Қараңыз, кептірілген жеміс-жидекті Өзбекстаннан сатып аламыз. Бағасы еттен қымбат. Осы істі неге Шымкентте қолға алмайды? Ол үшін шаруаға жер керек? Жер алайын десе, пара сұрайды. Қолынан іс келетін азаматтарға қажетті жер телімдері мен жеңіл кредит беру керек. Бұл – бір ғана мысал.
Енді өзім жақсы білетін мұнай саласына қайта қайта келейік.
Шетелдіктерге талап қою керек. Қожасы шетелдік болғанымен, жұмыскерлері жергілікті халық болуы шарт. Құрлысы, бұрғылауы, қызмет көрсету саласы қазақтікі болсын. Бізде бәрі керісінше. Себебі – сол баяғы жемқорлық. Бұған білімсіздікті қосыңыз. Мұнайға жауапты министрлікті алсаңыз да, «ҚазМұнайГазды» алсаңыз да, мұнай саласын түсінетін маман жоқ.
Бірде «ҚазМұнайгаздың» басшысы Сауат Мыңбаевқа хат жазып барғанмын. Онда мұнай саласында қордаланып қалған мәселелерді атап, оларды шешу жолдарын көрсеткенмін. «Керек десеңіз, осы жұмысқа өзім де ат салысып, көмектесуге әзірмін!» дедім. Бұлай деуге құқығым бар. Америкада білім алдым, сол елде қызмет еттім. Ауғанстанды да көрдім. Қазақстанда да қызмет істедім. «Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра» деген бар. Әйтпесе, «кеңесші болайын» деп жұмыс таба алмағандықтан сұранған жоқпын. 
Мыңбаев үндемей құтылды. Әсет Исекешев министр кезінде осы сөзді оған да айттым. Исекешевтен де жауап болмады.
- Қазіргі Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа айттыңыз ба?
- Бозымбаевқа несіне айтам?! Айтқанмен де, сөзім желге ұшқандай болады. «Төртінші мұнай өңдеу зауытын саламыз» деп әр жерде айтып жүр. Бізге оның түкке де қажеті жоқ.
- Қалайша қажеті жоқ? Елдегі жанармай тапшылығын қайтеміз сонда?
- Мәселе мынада: мұнай өңдеу зауыттарындағы технология ескірген. Мұнайды иін қандырып өңдей алмаймыз. Өндіріс төмен. Егер қолда бар үш зауытты дұрыстап жабдықтаса, бензиннің, солярканың, керосиннің шығымы да, көлемі де өседі. Біздің зауыттар мұнайдың қаймағын ғана алады, қалғаны мазут болып босқа кетіп жатыр. Қысқасы, зауыттар толық күшпен жұмыс істеп жатқан жоқ. Жүктеме аз. Ең көп дегенде 70 пайыз жүктемемен ғана жұмыс істеп тұр. Төртінші зауыт салғанмен оны да тиісінше жүктей алмайды! Ал енді жүктемесі аз тура осындай тағы бір зауытты қыруар қаржыға салғаннан не пайда? «Зауыт саламыз» дейді де, тағы да ақша жейді.
- «ҚазМұнайГаз» бен Энергетика министрлігі тіл табысып жұмыс істей алмайтын сияқты.  Осының себебін түсіндіріп бере аласыз ба?
- Бұл екі мекеменің арасында не болып жатқанын дөп басып айту қиын. Оны өздері ғана біледі. Өйткені екі мекемеде де «командалар» жұмыс істейді. Бірінің сөзі біріне өтпейді. Бірін-бірі мойындамайды. Бір кездері биліктің жоғарғы сатысында жүрген досым Нұрлан Балғымбаев: «Жоғарғы билікте интрига, бірін-бірі алдау, аяқтан шалу деген өршіп тұр екен» дейтін. Әлі де солай.
- Меңдеш Халелұлы, осы орайда бір сұрақ. Өзіңіз айтып отырған Нұрлан Балғымбаевтың премьер ретіндегі қызметіне қандай баға берер едіңіз?
 - Дәрігер де, философ та, құрылысшы да, әртіс те президент бола алады. Ал премьер-министр өндірісті білетін сала маманы болуы керек. Түсінікті тілмен айтқанда, жолында жүк қалдырмайтын қара нар болуы шарт.
Нұрлан Өтепұлы басқарған үкіметті айтсам, жұрт «досын мақтады» деуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде Балғымбаев басқарған үкімет басқаларымен салыстырғанда кәсіби еді. Өйткені ол өндірісті жақсы білетін. Мұнайдан түскен ақшаны қалай және қайда жұмсауды түсінді. Бұл бір қиын кезең еді. Нұрлан Өтепұлы мемлекеттің мүддесі үшін ресейлік топтармен көп арпалысты. Табанды азамат еді, ақырында дегеніне жетті. Ұлттың ұпайы кететін тұста қайраткерлік көрсетті. Ұлттық компаниялар құру туралы бастаманы ең алғашқы болып көтерді. Бұрынғы «Қазақойл», бүгінгі «ҚазМұнайГазды» Нұрлан Балғымбаев құрды. Жанына білікті мамандарды жинай білді. Бірақ Нұрлан Өтепұлы ойға алғанын толық іске асыра алған жоқ. Оған мүмкіндік бермеді.
- Мұнай бітсе немесе керексіз болып қалса жайымыз не болады?
- Қазақстанның өз жолы болуы керек. Біз смартфон жасап ұшпаққа шыға алмаймыз. Бұл жөнінен Қытайдан, Жапониядан, Еуропа елдерінен қалай озасың? Байқоңырымыз болғанымен, ғарышты игерген империя емеспіз. Сонда не істейміз? Не істей аламыз? Бізде жер бар. Мұнайдан басқа да қазба байлықтар бар. Соны дұрыс өндіріп, жөнімен өңдеуді үйренуіміз керек. Әсіресе, қазбалы байлық өндірудің маңайындағы қызмет көрсету компанияларын мейлінше дамытып, қазақстандық бизнестің қолына беру керек! Олигархтарға немесе жеке банктерге емес, дәл осы өндірістік қызмет көрсету саласына тиісті преференциялар берілуі тиіс. Қазір осы салада қаптап жүрген шетел компанияларына үкімет тыйым салып, керісінше, отандық кәсіпкерлерге жол ашуы тиіс. Сонда қаншама жұмыс орны ашылады, қаншама салық төленеді. Ең бастысы – жергілікті халық жұмысқа араласады, өзін асырайды!
Ең бастысы, ауыл шаруашылығын жолға қойған жөн. Диқаншылық пен мал өсіру қазақтың қолынан келеді. Ветеринарияны ретке келтірсе, Қазақстанның етін шетелге көптеп сатуға болады. Мәселен, Аустралия сияқты. Мұнай біткенде негізгі пайда көзі ауыл шаруашылығы болса, ешқашан ұтылмаймыз.
 
«1989 жылы Жаңаөзенде адам шығыны болмаған»
- Мұнайды сөз еткенде 2011 жылы Жаңаөзенде болған оқиғаны айтпай кете алмаймыз. Осы мәселені оқ атпай шешуге болар ма еді?
- Болатын еді. Өкінішке қарай, біздің басшылар халықпен сөйлесе алмайды. Аралары тым алшақтап кеткен.
Алдымен 1989 жылғы оқиға туралы айтайын. Сол кезде де себеп осы болды. Осыдан 29 жыл бұрын да шешілмеген әлеуметтік-экономикалық мәселе жұмыскерлерді бас көтеруге итермеледі. Басшылар халықтың алдына шығуға қорықты. Күш жұмсауға бейім тұрды. «Қорыққан бұрын жұдырықтайды» дегеннің кері келді. Ақыры не болды? Жоғарыдағылар «ОМОН-ға» жүгінді. Бірақ ол кезде адам шығыны болған жоқ. Ол тұста қала басшыларының бірі едім. Бастан-аяқ араласуға тура келді. Бұл оқиға маған үлкен сабақ болды.
Жаңаөзенде 2011 жылы болған оқиға кезінде адам өлді. Бір емес, бірнеше адам көз жұмды. Егер сол кезде Үкіметтен арнайы комиссия құрылып, билік  мұнайшылардың талаптарына құлақ асқанда, бәрі басқаша шешілер еді!
- Сондай жағдай тағы қайталанбасына кепілдік бар ма?
- Ешкім де ондай кепілдік бере алмайды!.
- Назарбаевтан кейінгі кезеңді қалай елестетесіз? Билік ауысу процесі бізде қай жолмен жүруі мүмкін?
- Қазақстанда билікті мұрагерлік жолмен беріп кету деген болмайды. Өйткені оны халық қабылдамайды. Егер билікті ың-шыңсыз ауыстыра алсақ, билікке мемлекетшіл әрі іскер азамат келсе, онда бағымыздың жанғаны. Кейбіреулер астыртын жоспарлап жүргендей төңкеріс жасау – мемлекеттің дамуын бірнеше жылға кері сүйреп тастау деген сөз.
Меніңше, билік ауысуы туралы президент халықпен ақылдасып, құпия жасамай, ортаға салып билік транзитінің нақты жоспарын ұсынуы тиіс. Тек халық қолдаған транзит жобасы өміршең болмақ, мемлекетіміздің болашақтағы тұрақтылығының кепілі болмақ!
Оның үстіне Қазақстанда билік ауысуы бейбіт әрі өркениетті түрде өтсе, елдің халықаралық аренадағы абыройы да арта түседі. Қазақ халқы ғана емес, Қазақстанда инвестициялық мүдделері бар дамыған елдер де, соның ішінде Қытай, Ресей, АҚШ, соны қалап отыр.
- Ашық әңгімеңізге рақмет. 
Сұқбаттасқан Ерік Рахым. 
1349
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

М.САЛИХОВ: Билік пен халықтың арасы алшақтап кетті
Жеңілген Қонақбаев "бокстың болашағы үшін күресе бермек"

"Боксқа адалмын, сондықтан бокстың олимпиададағы болашағы үшін, жас боксшылар үшін күресті жалғастыра беремін. Бұл соңы емес, бұл - боксты құтқарудың басы. Күрестен қашпаймыз. Бұл - бірінші раунд. Екінші раунд басталуға жақын" деді Қонақбаев Inside the Games сайтына берген сұхбатында.



М.САЛИХОВ: Билік пен халықтың арасы алшақтап кетті
Чем закончатся выборы в США и что изменится для Трампа и России - три сценария

Промежуточные выборы в США обещают побить рекорды по явке и преподнести сюрпризы. Их итог станет определяющим для оставшихся двух лет президентства Дональда Трампа и отразится на возможном исходе "российского расследования", а также на карьере спецпрокурора Роберта Мюллера.



MERGENSOZ

М.САЛИХОВ: Билік пен халықтың арасы алшақтап кетті
MUQTAR MAGAUIN

«Ол – Совет (Кеңес емес!) өкіметінің заманы. Енді – Тәуелсіздік аталатын жаңа дәуір. Бірақ бүгінгі Қазақстан өкіметінің (қазір «билік» дейтін болыпты) осындағы байырғы жұрт – қазақ халқына қатысты жүргізіп отырған барлық шаруасы, нақты саясаты мен көпе-көрнеу ішкі пиғылы бұдан екі ғасыр бұрынғы Америка құрлығындағы отаршылардың жергілікті үндіс халқына қатысты төтенше шараларын еске түсіреді. Әлбетте, тікелей, жаппай қырып-жою жоқ, оған мүмкіндік те табылмас еді, әйткенмен, тереңнен, нақты ойластырған және ішінара жүзеге асып та жатқан жүйелі қарекеті ешқандай күмәнсіз, ақиқат байламдар жасауға негіз береді – қазіргі Қазақстан өкіметі осы ел мен жерді мың жылдар бойы мекендеп…

Подробнее

BairaqTV