Mazir
27 июл 10:47korilim:440 Onir tynysy

Атырау облысында жарты жылда 25,3 млрд теңге игерілмей қалған

Атырау облысында алты айда 25 млрд 311 млн теңге игерілмей қалған. Оның ішінде 10 млрд 521 млн теңге республикалық бюджеттен трансферт арқылы бөлінген. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов өткізген аппарат жиынында облыстық Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілекқабыл Байдошев мәлім етті. 

«Облыста жылдық жоспарланған қаржыны игеру көрсеткіші өте төмен. Жыл басынан бергі алты айда 25 млрд 311 млн теңге игерілмей қалды. Оның ішінде 10 млрд 521 млн теңге республикалық бюджеттен трансферт арқылы бөлінді. Бірінші жартыжылдықта игерілген қаржының көлемі бар болғаны 39,7 пайызды құрайды. Бірінші жартыжылдық бойынша даму бюджетінің игерілген үлесі – 21 пайыз. Қаржының көп бөлігі екінші жартыжылдыққа жоспарланып отыр. Бұған маусым айында республикалық бюджеттен 40 млрд теңге бөлініп, бюджетті түзету өз әсерін тигізді», - деп мәлім етті Тілекқабыл Байдошев. 

Облыс әкімі атап өткендей, республика бюджетінен үлкен қолдау көрсетіліп, трансфеттер беріліп жатыр. Сол себепті жоспарланған жұмыстарды өз мерзімінде аяқтау қажет. 

«Өңірге көрсетіліп отырған мүмкіндікті оңтайлы пайдаланып, тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік нысандар салуды тездетіп бастау міндеті тұр. Бастаған істі уақытылы әрі сапалы аяқтауымыз керек. Сондықтан, бөлінген трансфертке талдау жасау қажет. Объективті себеппен игерілмейтін қаражат болса, оны тұрғындарға пайдасы асатын басқа нысандарға жолдау үшін қазірден ұсыныс енгізген жөн. Құрылыс жүргізуге міндеттеме алған соң, оның сапасын төмендетпей, артық шығынға жол бермей, қатаң бақылау жасалуы тиіс. Әр басшыдан жауапкершілік қатаң сұралады. Жоспарда тұрған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау қажет», - деді Серік Шәпкенов.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15