Mazir
11 дек 09:52korilim:2 247 Madeniet / Kitap isi

«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты

Шымкентте «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, қалалық филиал Төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық филиал Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, «Miras» аймақтық кеңесінің төрағасы, жазушы, публицист Момбек Әбдіәкім және өңірдің зиялы қауым өкілдері, фракция мүшелері мен оқырмандардың қатысуымен партия филиалы ғимаратында «Кітап – AMANAT» дүкенінің ашылу салтанатты өтті.
Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударған болатын. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Адал азамат» тұжырымдамасының мән-мағынасына терең тоқталды. Осыған орай, «AMANAT» партиясы Президенттің бастамаларына демеу болып, өз деңгейінде ұлттың зияткерлік дамуына жан-жақты қолдау көрсетуді бастап кетті. «Қазақстан Республикасы баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, нақты жоспарлар бекітілді. Міне, енді барлық облыс пен қалаларда, тіпті үлкен аудан орталықтарында да осы жылдың соңына дейін жергілікті «AMANAT» партиясының жанынан қол жетімді бағада түрлі бағыттағы кітаптар сату ісі жолға қойылады.
Жиын барысында партия хатшысы Шолпан Каринова зиялы қауыммен және жас оқырманмен әңгімелесіп, өз ойымен бөлісті. 
- «Кітап – AMANAT» жобасы аясында алтыншы кітап дүкені ашылып отыр. Жобаның болашағы зор, өміршең болады деген сенімдемін. Біздер осылайша жастарға бағыт-бағдар көрсетіп отыруымыз керек деп санаймын. AMANAT кітап дүкендерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, кітапсүйер оқырман қауымның сүйікті мекеніне айналатынына сенімдімін, - деді Шолпан Каринова.
Алқақотан жиында көрнекті ақын Ханбибі Есенқараева бастаған қауым сөз алып, өз ойларымен бөлісті.
Іс-шарада Шымкент қаласының Құрметті азаматы Еркін Сатқанбаев партиялық жобаға қолдау білдіріп, өскелең ұрпақты кітап оқуға үндеді.
- Кітап – рухани азық. Рухы мықты адам, руханият көкжиегі кең ұлт қана ұлы мақсаттар жолында ешкімге есесін жібермейді. Біз осы тұрғыда кітап шығару ісін, оны тарату жолдарын, халық арасында кітап оқу мәдениетін арттыру үшін тынбай жұмыс істеуіміз қажет. Себебі, кітапты қалқан, қару еткендер ғана рухани азат бола алады. Халқымызда «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз бар, - деді ол.
Айта кетейік, партия бастамасымен ашылған кітап дүкендерінде тек кітаптар сатылып қана қоймай, авторлар, баспагерлердің қатысуымен түрлі іс-шаралар, жаңа басылымдардың тұсаукесерлері мен талқылаулары ұйымдастырылатын болады. Мұндағы кітап сөрелерінен оқырмандардың талғамына қарай мыңнан астам түрлі жанрдағы еңбектерді табуға болады. Осыған дейін Алматы, Астана қалалары мен Жамбыл, Павлодар, Жетісу облыстарында ашылған кітап дүкендері тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

Б.Байдуллаұлы
Басып шығару
какие существуют типы атмосферных фронтов https://lukiblog.ru но вреден север для меня на что намекает https://mirtetriks.ru где нашли евгения в медном всаднике http://www.toktiblog.ru какое склонение у слова погода https://www.mirtetriks.ru какая часть речи слово быстро

buy generic lasuna online - himcolin cost cheap himcolin without prescription

order celecoxib 200mg - purchase indomethacin generic indomethacin 75mg capsule

buy mebeverine 135 mg - buy colospa no prescription purchase pletal

voltaren 100mg usa - buy aspirin generic buy aspirin pills

pyridostigmine 60 mg over the counter - buy mestinon 60 mg sale imuran pills

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15