Mazir
08 фев 13:45korilim:882 Madeniet

Неге тильда (Ñ ñ) емес, энг (Ŋ ŋ)?

Жетілдірілген әліпби, бірлі-екілі талас тудырып жүрген тұстары болғанымен, расында, бұрынғы әліпби нұсқаларына қарағанда әлдеқайда көңілге қонымды, сөздерді жүгіртіп оқуға да, қиналмай жазуға да мүмкіндік беретін жоба болып шықты. 

Жобада қолданылған диакритикалық таңбаларды сынамадан өткізу мақсатында 2020 жылдың 28-29 қазан күндері республикалық деңгейде талқылау шаралары өткізіліп, нәтижелеріне талдау жасалған болатын. Қатысушы өңірлерден жекелеген пікірлермен қоса, кейбір қайталанып келген пікірлердің бірқатары /і/ мен /и/ дыбыстарының таңбасына қатысты айтылса, енді бірі /ң/ дыбысын қалай таңбалайтынымыз жөнінде өрбіді. Олай болуы – заңдылық, себебі бұл дыбыстардың таңбасы төңірегіндегі мәселе Орфографиялық жұмыс тобында да аз талқыланбаған тақырыптардың бірі еді. 

Негізінде таңба, әріп атаулының бәрі шартты белгі болғандықтан, әліпби түзу мәселесінде қандай да бір мазмұнды белгілеуге «тағайындалатын» тұрпат жазу-сызуда өзіне жүктелген функциясын жақсылы-жаманды атқарап тұра береді (Мысалы, түрік әліпбиіндегі с әрпінің /дж/ африкатын беретіні, сол /дж/-ны испан әліпбиіндегі ll геминаты таңбалайтыны сияқты). Бірақ біз әрбір әрпімізге латын жазуына көшудегі түпкі мақсат-мүддеміз тұрғысынан қарап отырмыз. 

Сонымен, /ң/ дыбысын таңбалауға энг (Ŋ ŋ) дұрыс па, тильда (Ñ ñ) дұрыс па?

Ŋ ŋэнг немесе энгма деп аталатын латын әліпбиінің әрпі (1993ж. 1.1 Юникод нұсқасындағы нөмірі 014A  014B). ХФӘ (Халықаралық фонетикалық әліпби) құрамынан алынған таңба, дәлірек айтқанда, негізінен фонетикалық транскрипцияда қолданылатын символ. Тиісінше, бұл – ағылшын тілінің фонетикалық транскрипциясында [ŋ] (/ң/) мұрын жолды дауыссыз дыбысын таңбалайтын белгі, мысалы, [tә sɪŋ ә sɔŋ]. Демек, жалпы ағылшын тілінен хабары бар адамдар, басқаша айтқанда, жартыәлем бұл таңбаны /ң/ деп оқиды деген сөз. Таңбаның осы «танымалдығын» есепке алып және диакритиканы көбейте берудің жөн емес екендігін ескеріп, /ң/ дыбысының /н/-ға айналып, жойылып кетуі мүмкін деген қауіптен де сескеніп, оны мейлінше өміршең ету ниетімен «бедерлі» таңбамен белгілейік деп осы Ŋ ŋ таңбасын таңдаған едік. 

Латын жазуындағы ғаламдық тәжірибеге көз жүгіртсек, n таңбасының диакритикамен жүретін мынадай келбетін көруге болады (file:///C:/Users/User/Desktop/ar%20turli%202020/Leira_Vigleik__2008__Alphabets_Letters_and_Diacritics_in_European_Languages.pdf):

Ń ń  (n акутпен): поляк тілінде (ньи)
Ñ ñ  (n тильдамен): испан тілінде  (энэ)
Ň ň  (n гачекпен): чех тілінде (энь)
Ņ ņ  (n седильмен): латыш  тілінде (энь)
Ŋ ŋ  (энг әрпі): сами тілдерінің әліпбилерінде /ң/ дыбысын таңбалайтын әріп.

Бұл мысалдардан /н/ мен /ң/ өзара ұқсас дыбыстар болғанымен, әрқилы диакритикалармен ерекшеленген n таңбасының барлығы назальды, яғни мұрын жолды /ң/-ды белгілемейтінін көреміз. Бірақ тек Ŋ ŋ таңбасының ғана (жоғарыда айтылған сипаттарынан) мұрын жолды /ң/-ды белгілейтіні ешбір шүбә келтірмейді. Сол себепті қай қырынан қарағанда да, таңдау Ŋ ŋ  таңбасына келіп тіреліп тұр. Бұл белгінің бір ғана кемшілігі – фонетикалық таңба екендігі, әріптік статусының толымсыздығы. Оның үстіне, [ә] фонетикалық таңбаcын әріп етіп алған әзербайжан әліпбиінің тәжірибесі оның көп бағдарламада оқылмай, танылмай қиындық тудырып келе жатқанын көрсетіп отыр. Бұл жөнінде түркі жұртымен тәжірибе алмасу шараларымыздың барысында Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы, И.Насими атындағы Тіл білімі институтының Түркі тілдері бөлімінің директоры Елчин Ибрахимов мырза ашып айтқан болатын. Техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобының мамандары да бұл тұрғыдан аз-кем кедергілердің болатындығын жоққа шығармаған соң, ғалымдар қауымы «Енді қайтпек керек? Диакритикалық үстемесі қолды көтеріп барып жазылатын, асығыста жазылмай кетуі де ықтимал, соның салдарынан н мен ң-ды ажырата алмайтындар үшін оп-оңай жоғалып кете баратын, әріпүсті қосалқыларды одан бетер көбейте түсетін тильда (Ñ ñ) таңбасын алуға мәжбүр боламыз ба?» деген ойда қалған едік. 

Дегенмен де, «техникаға адамды емес, адам техниканы өз қажетіне қарай бағындыру қажет емес пе?» деген сауалды IT мамандарының алдына тастағанымызда олар «әрине, қажеттіні жасауға болады» деген.  

Кей бауырластарымыздың жазу ауыстыру «алыс-берісінде» жоғалтып алған төл дыбыстары қаншама. Латын әліпбиіне көшу – біз үшін, ең алдымен, қазақтың төл дыбыстарын «аялауға» арналып отырған шара. Жазудан жазуға көшудің көшеге көйлек ауыстырып шыға қоятындай оңай шаруа емес екенін де әрбіріміз түсінеміз. Ал алдыңғы тұрпатына ұқсас символдардың қолданылуы, екі жазуға да ортақ кейбір дағдылардың сақталуы көшу үдерісінің аса қиындықсыз іске асып кетуіне септігін тигізері сөзсіз. Бұл тұрғыдан, ң-ды ŋ деп таңбалау – өздігінен сұранып тұрған амал.

P.S.: «Қазақ тілінде ң-нан басталатын сөз жоқ, бас әріп неге керек?» деген сұрақ туып жатса, жауап бере кеткен жөн, сөздің барлық әрпі бас әріппен жазылған жағдайда қажет болады. 

Нұрсәуле Рсалиева,   
Филология ғылымдарының кандидаты
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15Алматы облысында алғаш рет кеуде қолқасына стент-графт имплантациялау операциясы жасалды19:31Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды19:26Антикор Алматыда жер беруге қатысты заң бұзу фактілерін тергеп жатыр12:46Қарағанды облысында өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгері өлі табылды10:13Бас әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты түсінік берді13:46Қызылорда облысында шенеуніктер 543 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді09:58Құлтөлеу Мұқаш. Қазақтың ДОН-КИХОТЫ12:03