Mazir
09 ноя 11:52korilim:45 Madeniet

«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ

2023 жылғы 8 қараша күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы дәстүрлі «Қазақша мәзір» республикалық конкурсын ұйымдастырды. 

Комитет төрағасы Ербол Тілешов құттықтау жолдап, шараның басты мақсаты тағамтану саласының терминдері мен ас мәзірі атауларына жалпылық сипат беру, олардың қолданысын жүйелендіру мен қазақшалаудың ұтымды механизмін іздестіру арқылы кәсіби терминшілер легін қалыптастыру екенін атап өтті.

Бас директор Мақпал Жұмабайдың айтуынша, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 31 үміткер қатысыпты. Жүлдегерлерді анықтауға филология ғылымдарының докторы, академик Шерубай Құрманбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминологиялық орталығының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты  Сәрсенбай Құлманов, Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеті ЖОО кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі, Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Алмагүл Нұрғазезова, Алматы технологиялық университеті Тамақ өнімдерінің технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Гаухар Күзембаева, «KAZGOR» жобалау академиясы» ЖШС бас аудармашы-редакторы, 2022 жылы өткізілген «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» конкурсының І орын иегері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Гүлфаруз Иса қазылық етті.   

Алғашқы «Термин талқы» іріктеу кезеңінде қатысушылар «Теrmincоm.kz» сайтындағы «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңына тіркеліп, өз пікірлері мен ұсыныстарын жазды. Келесі «Термин зерде» кезеңінде тағамтану  саласы терминдерінің ішінен 15 терминді таңдап, үлгіге сәйкес сараптама жасаса, бұдан соң «Мәзіріңіз әзір ме?» кезеңінде қоғамдық тамақтану орындарындағы бес ас мәзірінің қазақ тіліндегі қолданысына талдау жасап, өз нұсқаларын ұсынды. Ең соңғы «Термин-тезис» кезеңінде үміткерлер тағамтану саласы немесе ас мәзірін қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша тезис әзірледі. 

Бас жүлдені Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова жеңіп алды. І орынға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты Дана Талғатбек ие болды. ІІ орын Шымкент қаласындағы Ж.Тәшенов университетінің магистранты Балнұр Балтабайқызының қанжығасына байланса, ІІІ орынды көкшетаулық Шолпан Махамбетова мен «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Қалиакбар Ағылан өзара бөлісті. Ана тіліміздің өркендеуіне белсене ат салысуымен көзге түскен төрт үміткер Алғыс хатпен марапатталды.


Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15Алматы облысында алғаш рет кеуде қолқасына стент-графт имплантациялау операциясы жасалды19:31Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды19:26Антикор Алматыда жер беруге қатысты заң бұзу фактілерін тергеп жатыр12:46Қарағанды облысында өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгері өлі табылды10:13Бас әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты түсінік берді13:46Қызылорда облысында шенеуніктер 543 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді09:58Құлтөлеу Мұқаш. Қазақтың ДОН-КИХОТЫ12:03