Mazir
05 сен 19:24korilim:2 207 Madeniet

ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ


2023 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан халқының тілдері күні мерекесінің салтанатты ашылу рәсімін ұйымдастырды. 

Биыл алтыншы жыл бұл мереке ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ұлы реформатор Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – 5 қыркүйекте аталып өтіледі. Жиналғандар тіл саласын дамытуға арналған соңғы жылдары шығарылған ғылыми кітаптар, оқу-әдістемелік құралдар, конференция жинақтары қойылған кітап көрмесімен танысты. Сонымен қатар, «Аталардың аманатына адал болайық», «А.Байтұрсынұлы», «Т.Шонанұлы», «Қ. Жұбанов» және т.б. танымдық бейнероликтерді тамашалады.

Басты мақсаты туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, мемлекеттік тілдің еліміздегі этностарды біріктірудегі тарихи маңызын танып, білуге бағытталған республикалық бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі C.Нұрбектің құттықтау сөзімен ашылды.


Оны вице-министр Т.Ешенқұлов оқып берді. Онда былай делінген:

«Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және Қазақстан азаматтарының ана тілдерін сақтап, оны дамытуға қамқорлық жасау міндеті Ата заңымызда белгіленген. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуға бағытталған жүйелі іс-шаралар іске асырылуда. «Coursera» платформасында әлемге танымал ғалымдардың бейнедәрістерінің қазақ тіліндегі нұсқалары қамтамасыз етілуде. Халыққа қызмет көрсету саласындағы IT-сервистердің қазақ тіліндегі нұсқалары пайдалануға берілуде. Қазіргі жаһандану дәуірінде жастарды ана тілін, туған жерін сүюге, оған қызмет етуге, құрмет тұтуға тәрбиелеуіміз  қажет». 

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Н.Жүсіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.ИсаҚазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі,  филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы кафедраның меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Салқынбай, Астана қаласы өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы  Ұлттық Құрылтайдың мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кеңесінің төрағасы Ш.Пулатов  сөз сөйледі. 



Салтанатты марапаттау рәсімінде Сабыр Қасымов, Қазыбек Иса, Тұрдығұл Шаңбай, Анар Салқынбай, Нұрша Оразахынова және басқа да қазақ тілінің мәртебесін көтеруде шығармашылық белсенділік танытып жүрген ғалымдарға, гуманитарлық салада ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі табысталды. 

Бұл марапат Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары қатарына енгізілген. 

Республика бойынша облыстарда және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 90-ға жуық іс-шара өткізілді. Олардың қатарында: 6 ғылыми конференция, 10 тіл фестивалі, 10 дөңгелек үстел, 14 байқау, 9 форум, 5 салтанатты іс-шара, 1 TedX  форматында ашық пікірталас, 1 жалпыхалықтық диктант, 10 форум, 10 көрме, 6 акция, 8 әдеби-сазды-кеш т.б. іс-шараларды атауға болады.

Сондай-ақ, шараға онлайн форматта өңірлердегі барлық тілдік құрылымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.










Басып шығару
purchase lasuna online cheap - cheap diarex himcolin where to buy

celebrex 100mg cheap - order celecoxib generic buy indomethacin 50mg sale

buy cheap diclofenac - cost cambia buy aspirin online cheap

buy rumalaya without a prescription - buy amitriptyline 10mg pills purchase elavil pill

how to buy pyridostigmine - pyridostigmine us imuran 25mg over the counter

cheap voveran generic - diclofenac order buy nimotop pill

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15