Mazir
10 авг 12:31korilim:94 Madeniet

«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»

«Абай ата, Қол ұшын бер, 
Демеу бер. 
Білесіз бе, 
Біз туралы не деуде ел?.. 
Болмысымыз күннен-күнге жаңарып, 
Күннен-күнге ескіруде теңеулер!..»

Жарасқан Әбдірашев  

Бұл осыдан 40-50 жыл бұрын Жарасқан ағамыздың жазғаны. 
Кешелі-бүгін де, туған күн қарсаңында Абай туралы неше түрлі алыпқашпа әңгімелер әлеуметтік желі беттерінде желіп жүр. 
Сөз төркіні, Мұхтар Шаханов ағамыздың: «Егер бүгін қайта туса ұлы Абай, Ол да саған қалар еді ұнамай...» дегеніне саяды. 
Яғни әлі күнге сөз түзелді деп сеніммен айта алмайтын сияқтымыз ба, қалай? 
Себеп «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, негізінен барлық әңгіменің барып тірелер жері «Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқытса болады... Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның үшін олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі сонымен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды...
Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» деген Абай сөздеріне барып тірелеріне дау жоқ. 
Осы тұрғыда оймақтай ой қоссақ, жалғыз бұл жолдар ғана емес, жалпы қазақ туралы айтылған әрбір жол мұқият тексеріліп, аса ыждағаттылықпен әлі де зерттелуі тиіс секілді. Мәселен, қай сөз нақты Абайдікі. Қай сөзді «қызыл қоғам» аузына салды. Болмаса қай сөзі қалай бұрмаланды. Олай деуімізге басты себеп қолжазбасы сақтаулы «Әбілхайырханның хатын» көзімізді бақырайтып қойып басқаша тәржімалап, басқаша тәпсірлеп отырған орыс идеологиясына деген одағай көзқарас. Өйткені біз идеология ғана емес, жалған тарихтың өзі қалай қолдан жасалатынын түсінетін ұрпақпыз. Көзіміз көрген. Мүмкін, сонда, сөз ғана емес көз де түзелер?! 
Сосын келіп, Абайдың Лермонтовтан аударған:
Ішіп, терең бойлаймын
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.
Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын, 
Мен ішпеген у бар ма?, – деген мына бір жолдарын аударма демесеңіз,
бүгін жазып, әлеуметтік желіге өзі жүктеп отырғандай бір күй кешеміз.

Иә, айтарын ашып айтқан абайламай демекші, Абай туралы айтылатын әрбір сөзімізге абай болғанымыз жөн сияқты. Абай болыңыздар!
Абай күні құтты болсын! 

Жарлы БАЙҒАНИН
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15Алматы облысында алғаш рет кеуде қолқасына стент-графт имплантациялау операциясы жасалды19:31Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды19:26Антикор Алматыда жер беруге қатысты заң бұзу фактілерін тергеп жатыр12:46Қарағанды облысында өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгері өлі табылды10:13Бас әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты түсінік берді13:46Қызылорда облысында шенеуніктер 543 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді09:58Құлтөлеу Мұқаш. Қазақтың ДОН-КИХОТЫ12:03