Mazir
18 июн 18:10korilim:1 479 Қоғам

САЙЛАУҒА ҚОСАНОВ ТҮСПЕГЕНДЕ НЕ БОЛАР ЕДІ?

Сайлау өтісімен "әлеуметтік желі Қосановқа қаһарлана қаптағанда біз:
"ҚОСАНОВТЫ БУРА ҚУДЫ, БУРА ҚУСА ДА ТУРА ҚУДЫ" дегенбіз.
Жұрт пікірін жұмылдырып жүрген жігіттерге мақаламызда сын да айтқанбыз.
Басқалары үнсіз. Бапин ғана қайыра тіл қатыпты.
Сайлаудың соңы немен бітерін біліп, бұрынырақ жазғанына "жазықты" болғанын, жөнсіз сөз естігенін айтыпты. Соңында біздің мақаланы Facebook парақшасында бөлісіп, ондағы өзіне айтылған сынды қабылдайтынын жазыпты.
Бұны қазақ "Сөзге тоқтау" дейді – еркектің мінезі. Ермұратты мақтайық деп емес, Әлемжелідегі белсенді көкезулер үлгі алсын деп айттық.
Ақпарат әлемінде ондаған жылдар бойы әйдік мүйізі көрініп тұратын Ермұраттың бұл жазбасы да әдеттегідей, жұрт пікірін қопсытыпты. Соның ішінде басқаша бағыттағы бірер пікірді бізде бөлісейік дедік.
Ермұраттың Жұртты "Оян" деп жиырма жыл "Жұлқылаған" "ДАТ" сияқты басылымдардың xалықты оятудағы еңбегін атап, Заманбек пен Алтынбектің қанын еске сала жазған пікіріне жастарға xақын белсенді басқаша уәж айтыпты. Өткір сөздерінің кей тұсымен келіспесек те, талқыға тастадық.
 
 
Мария Түлеу-Бегім:
ӨЛМЕЙ ҚҰРБАН БОЛУ (тақырыпты біз қойдық)
Ереке, Алтынбек, Заманбектерді жастар білмейді. Сондықтан ол кісілердің қазасы Қазақты оятты деу қате.
Мен бұл жандарды өте сыйлаймын. Бірақ сіздердің пайымдарыңыз – солай болғанын қалағандарыңыз.
Қазір өмірдің зымыран заманы, осыдан бір жыл (бұрын) болған оқиғаның өзі ештемеге ықпалы болмауы мүмкін.
20 жыл оятудамыз (дегеніңіз) шындыққа жараспайды.
Кеше ғана жас байқаушыларымның арасында талқылау жасадық.
Ол жерде сайлау науқаны өту барысында болған Қазақты шапалақтап, кем дегенде, үш рет ояту болғанын дәлелдедім. Оның бәрін ашпаймын.
Мынадай түсіндіру: егер балаңызды "тұра ғой" деп оятсаң онан соң оянбауы да мүмкін, не сіз айтқандай тағы 20 минут жатуы мүмкін. Тірлігіне кешігеді. Ал, бұйрықпен, не үстіне су құйып жіберсең атып тұрады.
Бұл үстеріне су құйып жіберген болды.
Маған Әміржанның жеңгенінен жеңілгені және тездетіп, Тоқаевты құттықтағаны дұрыс болды.
Қазір жастар – ызалы бөлтірік.
Осы дәлелімнен кейін енді "кеттік, тындым" деген жастар әрі қарай орталарын ұстап, күресуге бекінді.
Сіздер мен біздердің ояулығымыздан келіп-кетері шамалы. Ояу байкотшиктерден кімдер шыққан болды – жастар. Кәрі-құртаңдар қайда? Жастарды пайдаланды, тығылып қалды.
Алдымыздағы сөзі көп, ісі жоқ шал-кемпірлер отырып алып, өз буыным мәдениеттілік сақтап тырбаңдап келесі буынның нәсібін ұрладық. Өзімізше болып, кеткен жәйлерді жырлап кемеңгерсідік, өспедік.
Кету керек!
Біз мәңгілік емеспіз, жастардың тізгінін өздеріне беріп, біз ертоқымын салып, аттарын баптап отыратын рөл ойнауымыз керек.
Сіз неге байқамайсыз? Неге ресми де, бейресми ортада тәуелсіздікке күрескен, не одан кейінгі жылдардағы жандардың ықпалынан Алаш арыстары қызықты?
Ойлану керек, айнаға қарап бейнелерімізді пайымдайық.
Онда тап-таза кеңестік заманға ренжіген және билікке қол жетпей қалған жеке бастық ызалардың шеті көрініп тұрады.
Әміржан жарады! Өзін Қазақты оятуға жестко құрбандық етті.
Басқаларыныкі ауызбен орақ ору.
Тарихта Әміржан мен Дос аға Қазаққа нағыз өздерін сарп еткен Алаш арыстарының жалғасы болып енеді.
Мәселе: ХАЛҚЫҢ ҮШІН ӨЛІП КЕТУ ЕМЕС, ӨЛМЕЙ ҚҰРБАН БОЛУ!
(Facebook парақшасынан)

Басып шығару
lasuna cost - diarex without prescription cheap himcolin without prescription

order besivance sale - carbocysteine drug sildamax pill

how to get probalan without a prescription - order monograph 600 mg sale how to get tegretol without a prescription

purchase cambia pills - purchase cambia generic order generic aspirin

rumalaya price - purchase shallaki brand amitriptyline 10mg

mestinon 60 mg without prescription - buy cheap generic imuran azathioprine 25mg brand

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15