Mazir
29 ноя 11:55korilim:2 197 Қоғам

"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды

Салтанатты марапаттау рәсімін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов құттықтау сөзбен ашты.
Дәстүрлі «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» республикалық байқауы 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Содан бері конкурс кең өріс алып, қатысушылар қатары көбейіп келеді. Бүгін таңда қазақ тілінде жазатын отандық журналистермен бірге, мемлекеттік тіл туралы орыс тілінде қалам тербейтін қаламгерлер де қатысуда. Бұрын сайтта жарық көрген материалдар өз алдына бөлек ұсынылып келсе, кейінгі жылдары газет жарияланымдарына теңестіріліп, бірдей дәрежеде қарастырылады.
Биыл байқауға 64 өтінім арқылы 145 материал түсті, олардың 123-і қазақ тілінде болса, 17 – орыс тілінде.
Қазылар алқасының құрамы елімізге белгілі қайраткерлер мен танымал журналистерден жасақталды: Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты; Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі; Махат Садық, белгілі журналист, «ҚазКонтент» АҚ кеңесшісі; Молдияр Ергебеков, өнертану докторы, А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры, кино мен медиа саласының зерттеушісі; Ербол Азанбеков, «Qazaq Media Association» (Қазақ Медиа Қауымдастығы) төрағасы.
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ – 2023» байқауының Гран-при жүлдесі мен 1 000 000 миллионов теңге сертификаты «Halyq Uni» ақпараттық агенттігінің журналисі  Әйгерім Таубайға табысталды.
         Басылым беттерінде, сондай-ақ интернет ресурстарда жарық көрген «Үздік мақала» аталымы бойынша бірінші орынды Атырау облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің аға тілшісі Анжела Ли (Атырау қ.) жеңіп алды, екінші орын – «Qazcontent» El.kz АҚ ақпараттық агенттігінің тілшісі Амангүл Тілей (Астана қ.).  Үшінші орынды № 38 (Астана қ.) мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Біржан Ахмер мен «Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газетінің редакторы Достан Елдес өзара бөлісті.  
          «Үздік теле және радиобағдарлама» аталымы бойынша бірінші орын «Қазақ радиосының» редакторы Азамат Тілеповке бұйырды, екінші орын – «Жетісу» телеарнасы» ЖШС қызметкері Мұрат Жұмабайдың еншісінде (Талдықорған қ.).
​«Үздік мақала» және «Үздік теле және радиобағдарлама»  жеңімпаздарының әрқайсысына: бірінші орын үшін – 750 000 теңге, екінші орынға – 500 000 теңге және үшінші орын иелеріне 300 000 теңгенің сертификаты табысталды.
        Сондай-ақ, байқау қорытындысы бойынша 9 қатысушы ынталандыру сыйлығына ие болып, әрқайсысы 100 000 теңгені қанжығасына бөктерді.
Басып шығару
комне как писать слитно или раздельно https://www.sigmablog.ru как отличить прил от причастия toktiblog.ru http://www.mirtetriks.ru даш или дашь как правильно имя frutilupik.ru https://www.lukiblog.ru почему убили александра 2 кратко frutilupik.ru https://www.webpilyla.ru на какие сферы делится общество

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15