Mazir
23 авг 09:10korilim:2 153 Қоғам

«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді

Түркістан облысында суға кеткендердің саны 9-ға жетті. Тағы екеуінің денесі әлі іздестіріліп жатыр. Жантүршігетін жағдай Отырар ауданында болған. Сырдария өзеніне демалуға барған бір әулеттің 11 адамы бір мезетте суға кеткен. Көпшілігі кәмелетке де толмаған балалар, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Кешелі бері құтқарушысы мен еріктілерден құралған ұзын саны 200-ден астам адам іздестіріп жатыр. Әзірге 12 және 10 жастағы ұл мен қыздың денесі табылмай жатыр.

Оқыс оқиға кеше кешкі сағат бес шамасында Сырдария өзенінде болған. Құдалыққа жиылған әулиет тойдың ертесіне суға түсуге дәрияға барады. 20 адамның тең жартысы кәмелетке де толмаған балалар екен. Демалып жатқан кезде балалардың бірі суға тұншығып, оны құтқаруға ересектер ұмтылғанда, қалған балалар суға артынан секірген.

«Бірінші сол үйдің бір баласы суға түсті деді. Кішкентай емес, 10-сыныпты бітіріп қойған сияқты. Содан соны құтқарам деп анасы кеткен. Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген дейді ғой. Құтқарам деп кеткені шығар, басқа не болады. Бір үйден бесеуі кетті, анасымен қосқанда. Бір үйден үшеу кетті. Бәрі бір атаның балалары ғой. Бір атадан төрт бала болса, соның ұл-қыздары ғой, немерелері», - дейді Көксарай ауылының тұрғыны Мұсабек Сарымбет.

Суға кетіп жатқандардың «құтқарыңдар» деп шырылдаған дауысын жақын маңда балық аулап отырғандар мен іргедегі жолмен кетіп бара жатқан жұрт естіп көмекке келген. Әйтпесе суға 20 адамның бәрі түгел кетуі де мүмкін еді.

«Осы жағада су терең. Сол жағадан шығардық. Шамамен бір-бір жарым метрден келетін су ғой. Ары қарай терең. Өзіміз шықтық қой, бір бәле ғып, бір-бірімізге көмектестік, қолымыздан тартып», - дейді Отырар ауданының тұрғыны Әділхан Аманов.

Қазір оқиға орнынан бастап төрт шақырым өзен іші мен жағасын сүзіп, іздестіріп жатыр. Оған мотор қайықтар, 150 құтқарушы мен полицей тартылып, тіпті дрондар ұшып жүр. Кешелі бері тынбай су ішін тінтіп жүрген сүңгуірлер үш денені судан алып шыққан.

«Біздің сүңгуірлер тек қолымен сипапсипап, жер тырмалап, сол кезде үстінен түсіп қала ма деп іздеп жатыр. Басқа көрініс жоқ, көзге жөнді көрінбейді. 1350 шаршы метр жерді қарап шықтық», - дейді Түркістан облысы ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Мұрат Қамбаров.

Сырдарияның суы тартылғанымен, қазір іздеп жатқан тереңдік 3-5 метр екен. Суға кеткен 11 адамның екеуі әлі іздестіріліп жатыр. 10 жастағы қыз бен 12 жастағы ұлды тәулік бойы іздеп жатқан құтқарушылар қиындықтың көп екенін айтады.

«Жағалауында тұрған ағаштар да су шайып, соның кесірінен, сүңгуірлердің айтуынша, көп томар, су астында жатқан ағаш көп. Кедергі келтіріп жатыр. Сондықтан бұл жерде ағысы да өзгеруде. Судың беткі қабаты осылай ағып жатқанымен, астыңғы қабатының ағысы бөлектеу», - дейді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

Судан аман қалған 49 жастағы әйел мен 9 және 8 жасар балақай Отырар ауданының ауруханасында емделіп жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дегенмен, қатты стресс алғанын айтады. Ал тұншығып көз жұмған бір әулеттегі тоғыз адамның денесі бүгін Ызакөл ауылының мазаратына жерленді.
Басып шығару
начало 20 века какие года http://www.snotolkovatelnyi.ru какие частицы образуют ток в металлах https://sensorfaq.ru объясните почему княгиня ольга решила принять крещение http://www.lukiblog.ru какие качества васи понравились валеку и марусе http://www.mirtetriks.ru чем декларация отличается от конвенции

order lasuna generic - himcolin price himcolin usa

buy generic besifloxacin - buy besifloxacin eye drops for sale buy sildamax

brand probenecid 500mg - tegretol order order carbamazepine pills

voltaren 50mg ca - order aspirin 75 mg online order aspirin 75 mg online

order rumalaya online - where can i buy rumalaya order amitriptyline 50mg for sale

oral pyridostigmine - buy imitrex 25mg for sale oral imuran 50mg

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15