Mazir
26 июл 15:45korilim:2 362 Қоғам

ТОҒЖАНОВ деген КІМ?

Әлеужелінің беті әлем-тапырық.Тоғжанов бүгін басты тақырып.
Тоғжановты тұқыртуға арнайы тапсырыс түскен бе деп қаласың.
Әуелі «СӨЗ» пайда болды демекші, соңы немен аяқталары белгісіз тағы бір «көкпар» ортаға тасталған сыңайлы.
Бұл турасында менің айтарым, Ана тілін қадірлей алмаған арандатқыш жорналшысымаққа қарағанда Ақтөбенің әкімі біраз жұмыс атқарғаны өтірік емес!
Тіпті, кешегі қанды қаңтарда да халықтың ортасынан табылған санаулы басшылардың бірі ғана!
Сенсеңіздер, мен, осы қаңтардан кейін біраз басшыларға басқаша көзбен қарайтын болғам.
Ал анауың әлі үйреніп жүрміннен әрі аса алмады.
Осы «үйреніп жүрміннің» елге келгеніне неше жыл болды екен? (еліне емес!)
Олай болса ойланып сөйлеген жөн болар.
Әлгі, орыс географы И.П.Корнилов дегеннің («Что не доделал русский штык, доделает русская школа») «Орыс найзасы аяқтамағанды орыс мектептері аяқтайды» деген мақтанышты жолдарының астары осы! Ойланыңыздар!
«Қазақы бала бала емес!» деген қалбалақты қағида-сымақты қоятын уақыт жетті!
Өздерін толерантты қылып көрсетуге барынша тырысып жатқан «жолдастар»  өттеріңіз жарылып кетсе де айтайын, тап осы жолы Сіздердікі дұрыс емес!
Қараңызшы, мысалы, қоғамдық жолға шығуға жүргізуші куәлігін  алмағандарға рұқсат жоқ. Неше мәрте емтихан тапсырып барып рөлге әзер отырасыз ғой, солай ма? Ендеше, неге қазақ мемлекетіне қайдағы біреулер келіп-ап ешқандай куәліксіз іс жүргізе бермекші?
Қайдағы біреу емес, өз елі деп өзеуремекшісіз бе? Өтірік! Олай болса елінің заңдарын сыйласын. Анасының тілін сыйласын!
Сол келген Ресейінде көше сыпыру үшін де орыс тілінен емтихан тапсыратыны өтірік пе, өзге ұлттың? Өзге ұлыс өкілі тұрмақ қазақстандық орыстардың өзін қабылдарда орыс тілінен емтихан қабылдайтыны да рас. Сонда біз кім болғанымыз?
Бұл бәрібір үйренбейді. Осы естеріңізде болсын!
Солай!
Біреудің кемшілігін термес бұрын, әуелі адам өзін жөндеп алғаны жөн болар! Көбіңіз Тоғжановты әкім болғаны үшін ғана, НӘН кланның адамы деп жек көретіндеріңіз белгілі. Шынында солай ма?
Иә, ешкім мемлекеттік жүйеден шығып кете алмайды. Бұл рас. Әскердің өзіне тән әскери тәртібі секілді, әр жүйенің де өзіне тән қалыптасқан тәртібі, заңдылығы бар.
Арнайы тапсырыспен жазып отыр деп ойлайтындар үшін өзім куә болған бір жайтты айта кеткенді жөн көріп отырмын. Тыңдаңыз!
Мен бұл кісімен «Қазақ энциклопедиясында» жүргенде екі мәрте кездескем. Себеп ҚХА энциклопедиясы. Ақ үйден түскен тапсырма солай. Орындамай гөр!
Сол жиынға қатысқандардың төрт көзі әзірге түгел. Өтірік десе айтсын. Қазақстандағы барлық мәдени орталықтар, ғылыми институттар мен жоғары оқу орындары, ғылым өкілдері қатысқан қанша жиын өтті.
Астанада өткен неше дүркін басқосудың бірінде де дұрыс шешімін таба алмаған осы мәселе Ералының қатысуымен өткен бір жиналыстан соң-ақ ширатылып жүре берген. Осыған дейін талай мекеменің табалдырығын тоздырған біздер іс шешетін басшыны басқалардан ажырата аламыз, негізі.
Міне, сол сәттен бастап кітап нақты қолға алынған.
Бірде, осы азаматтың кітаптың дайын нұсқасын қолына алып тұрып: Мұндай энциклопедиялық ақпараттар қай анықтамалықты ащсаң да толып тұр. Гуглден-ақ тауып аламыз. Бізге мұндай энциклопедия емес, алғашқы бетін ашқанда-ақ олардың Қазақстанға қалай келгендерін естеріне салып тұратын, есіктен кіріп төр менікі демей, ел иесінің кім екенін сездіріп тұратын дүние керек! Осы елге ризашылығы. Еткен еңбегі. Ел бірлігін жақтайтын жарамды дүниелері көрсетілуі керек» дегенін ешқашан естен шығара алмаймын! Жазбамды әсіре саясиландырмас үшін айтқан сөздерін сәл жұмсартқаным да рас. Әшейінде дайын кітапқа өзгерту енгізгендерді жақтырмайтын болсам да, бұл жолы мен ол Азаматтың сөзін құп көргем. Сенсеңіздер риза болдым.
«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден!» деген сөздің мәнін ұқтым сол жолы.
Міне, мен білетін Ералы Тоғжанов осындай адам.
Бүгінгі қаптаған қаралаулар осы бір оқиғаны еріксіз есіме түсіргендей. Үнсіз қала алмадым. Бары сол.
Ал өзге әкімдерге көрсеткен бүгінгі үлгі-өнегесі үшін және бір рақмет айтқым келіп тұр!
Басқасын білмеймін, қызметтегі адам, кім-кімнің де әділ бағасын еткен еңбегіне қарай уақыт бере жатар. Әзірге менің айтайын дегенім осы ғана.     

Жарлы БАЙҒАНИН
Басып шығару
карл линней что сделал для биологии https://www.toktiblog.ru на что делятся части речи https://www.frutilupik.ru что такое устье у реки http://webgraal.ru какие потребности относятся к первичным http://toktiblog.ru характеристика кирсанова в романе что делать

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15