Mazir
26 окт 15:37korilim:86 Adebiet

Көк Туға – Құрмет!

Алмас Ахметбекұлы – өткен ғасырдың 80-жылдарында поэзия әлеміне араласқан, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар дара, әрі талантты ақын. Ойлы образға, шынайы сезімге толы сыршыл өлеңдерінің арқасында оның есімі сол 80-жылдардың өзінде-ақ Шыңжаң қазақтарына кеңінен танымал болды. Бұл ретте оның ертеректе жазған «Туған жерім – балалығым», «Сәуірдің бұлты», «Аптап», «Бозінген» секілді өлеңдерін атауға болады. Оның болмысы әсіресе осы «Бозінген» атты өлеңдегі түйе жануарының мінездемесі, ботасының боздауы, жапырық өркеші мен жабырқау жанары арқылы берген теңеулері мен образды ойлары адам бойындағы Ұлы далаға, Анаға, Отанға деген тіл жеткісіз тылсым сағынышты қозғайды. Міне, осы сағыныш оны туған жерге жетелейді. 

1993 жылы алғашқылардың бірі болып тарихи Отанына оралған сәтте, Тәуелсіз елінің шекарасында желбіреген Көк байрақ оны ерекше жігерлендіріп нәтижесінде, қаламынан асқақ патриоттық рухқа толы «Көк тудың желбірегені» атты өлең туды. Кейін, ақын әрі композитор Ермұрат Зейіпханұлы оған әуен жазды. Бүгінде бұл ән еліміздегі барлық салтанатты жиындарда, мереке-мейрамдарда, әскери бөлімдерде, оқу орындарында шырқалып жүр. Өр серпіген, биік азаматтық пафосқа толы бұл ән шетелдегі қазақтар арасында да кеңінен таралып, бір кезде еркінен тыс шекараның сыртында қалған, немесе амалсыздан шет жұрттарға кеткен ағайындардың Отанға, тәуелсіз елге деген сағынышын оятып, жүрегіне нұр құюда. Сол себептен, бұл туынды еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері жарыққа шыққан патриоттық әндер мен өлеңдердің көшін бастап тұр десек қателеспейміз. 

ҚР Мәдениет қайраткері Алмас Ахметбекұлы Атамекенге оралғалы бері түрлі салада қолынан келгенінше ел игілігі үшін аянбай тер төккені баршаға аян. Жақында ғана «Жұмекеннен 100 өлең» атты Жұмекен поэзиясына жүйелі талдау жасаған тамаша еңбегі жарық көрген-ді. Бұл кітабында автор ауқымды әрі көркем ұлттық өлеңдерді талдай отырып, тіліміздің соншама бай құбылыс пен терең түйсіктерін түрлендірген Жұмекеннің орасан қуатты шабытын, өлең сөз қисынындағы қайталанбас тәсілдерін тарқата келе өзінің жұмекентанушыға айналып кеткендігін ақын туралы жазған 30 мақаласы арқылы айқындайды. Бұдан бұрын  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Көк тудың желбірегені» атты кітабы да жарық көрген-ді. 

Еңбек еленді! Бүгін, Алмас Ахметбекұлын Тәуелсіз Қазақстанның даму жолына қосқан ерен еңбегі үшін «Құрмет» орденінің иегері атануымен шын жүректен құттықтай келе: Көк туымыз мәңгі желбіресін!, Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын, шығармашылық шабытыңыз шарықтап, Армандап жеткен Отаныңызда отбасыңыздың ортасында бақытты ғұмыр кешіңіз дегіміз келеді! 

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15Алматы облысында алғаш рет кеуде қолқасына стент-графт имплантациялау операциясы жасалды19:31Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды19:26Антикор Алматыда жер беруге қатысты заң бұзу фактілерін тергеп жатыр12:46Қарағанды облысында өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгері өлі табылды10:13Бас әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты түсінік берді13:46Қызылорда облысында шенеуніктер 543 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді09:58Құлтөлеу Мұқаш. Қазақтың ДОН-КИХОТЫ12:03