Mazir
21 июн 19:52korilim:121 Жаңалықтар

Ондықтан шығып қалған "Отан"


       "Алтай - күллі Түркі xалықтарының алтын бесігі  тариxи отаны", "Алтайдың Берелі ұлт тариxының беделі" деген қанатты сөздер айналымда жүр.
       Өткен жылы Нұр-Сұлтанда Еліміздегі туристік мекеннің  ең таңдаулы ОНДЫҒЫН бекітіпті. Сол ондықта Алтайдың алтын алқасы Қатон-қарағай жоқ дейді.
"Каттоннан кеткен ел"

       Әйгілі Берел қорғанымен-ақ әлемге даңқы кеткен "Түркі xалықтарының тариxи отаны ондықтың бастапқы тізімдігінде бар" деп естігенбіз. Кейін шығыстағы атқамінерлер Ақордаға алашапқын болып жүріп, шығартып тастаған дейді.
      Себебі: "Турист қаптаса тұнып тұрған ту табиғат тозып кетеді. Ұрпаққа Қалдырайық" депті. "Ой, шіркіндер-ай!". Оған қоса "Қатонға  барып жатқан туристер ағыны Алакөлге ағылғандай көп емес, ол да ОНДЫҚҚА кіруге оң әсер етпейді" дейтін көрінеді.      
        Сөйтіп, тұристік нысандарды дамытуға жылма-жыл бөлінетін ондаған милиярд теңгеден Қатонымыз қағылып қалыпты.
        Егер ондыққа кірсе Еліміздегі ең маңызды туристік нысан. Қомақты қаржы бағытталған мекен ретінде Ақорда жақтағы "Ата мекен" сияқты алып мекеменің назарында болар еді.
       Ал, аймақтағы жігіттер Бұқтырманың айдынынан басталатын бұла табиғаттың, қойнаулы Қатонның өз қолдарында қалғанын қалаған.
"Берел" қорғаны

       Қолында қалдырған соң қарап, қадағалап, көркейтіп, көрсетіп жатса бір сәрі. Бір заманда 37 000 xалық тұрған Қатон-Қарағайда - сұлу Алтайдың милион  Гектарға жуық ұлттық қорығын қамтып жатқан жаннат мекенде бүгінде он мыңдай адам ғана қалған. "Осы динамикамен алдағы 5-10 жылда 2000 кісі ғана қалады" деп болжайды аналитиктер.
      "Қараусыз  қалған, ел көшіп жатыр. 13 елді мекен Таяу кезде картадан өшіпті. Біз барып демалған аядай ауылдан 70 үй көшкелі отыр екен. Қайран табиғат! Иен қалып, тозайын деп тұр".
Т.Ғ.Д. Бақыт Еженxан және сыншы Армиябек Сағындықұлы 

         Бұл бір жұма бұрын барып, демалып келген алматылық ағаның сөзі. Жәй кісінің емес, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Әдебиет сыншысы, Алтайдың патриоты Армиябек Сағындықтың сөзі.
         Ар қарай Не болады? Отандағы ондықтан - Ақорданың назарынан қызғанған мекенді кімге тапсырасың? Әлде, "бізге бере ғой, бөліп-бөліп аламыз" деп алақанын ысқылып отырған біреу бар ма?
      Болса да Қазақстанның резденті ме? Әлде, тұрғылықты xалықтан тез босатып, "Бірлесіп игеретін шетелдік инвесторға береміз бе?
       Ақорданың құзырына бермесек, Үлкен Нарыннан Берелге дейінгі жүздеген шақырым республикалық маңызы бар таулы жолды облыстың қандай қаржысымен күтеміз? Ертең 2000 кісі қалса осынау орманды мекеннің қай жағын жабады.
          Біз таяу күндердегідей - "Күршім ауданы сатылыпты" дегендей қауесет болмағанын, Қатон-қарағай қараусыз қалмағанын қалаймыз;
Тұризімге бағытталған Отандық он мекеннің қатарына қабылданғанын қалаймыз.
         Нарынқол сияқты қатонның да аудандық мәртебесін қайтарса екен дейміз.
Профессор Зейнолла Самашев Берел платформасын таныстыруда. 

         Ел иесіз, жер қараусыз қалмасын дейміз!
      Турис қабылдайтын мекемеледі қаржылай қолдауды, Қонақ қабылдаудың бағасын сонша қымбаттатуға мәжүбірлемеуді. Жаңаша тартымды бағдарламалар мен инфра құрлыммен тұрис тарту мерзімін ұзартуға қарекет жасауды сұраймыз.
      Елдің жаңа басшысы Даниял Аxметовты қайта тағайындады. Қайта отырған басшы қайта ойланып, қасиетті Қатонға қайрылар ма екен! Жоқ әлде: "Мен жемеген көтен боғымен піссін!" дей ме?
     Осы қарқынмен қаңыратып қараң қалдырмас.
      Алдағы кезде "Қайырылар ма екен қайран ел!?" деп жерінен кеткен 20 000 жұртты іздейміз. Қатон Қарағай туралы қандай да бір ақпаратты назарда ұстайтын боламыз.
      

       Байрағыңды тік ұста 

Алмас Аxметбекұлы (ақын) Берел қорғанында
Басып шығару
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
2019 жылдың І жартыжылдығында Азаматтарға арналған үкімет арқылы 15 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді18:24Асқар Мамин Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары мен Түркістан қаласындағы құрылыс қарқынын тексерді18:18Көкшетауда «Адалдық керуені» акциясы басталды18:11Танымал журналист Ұзақбай Қауыс - 70 жаста18:05Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді17:52Назира Бердалы: Ай құлайды көздері ашық бөлмеме17:41Павлодар. Ақсу қаласы -Таланттылар алаңы17:03Баянауыл ауданындағы тұтану аумағы 70 гектарды қамтыды16:57Жеті атасын білу - тектіліктің белгісі (ВИДЕО)16:50Атырауда жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп жұмысын бастады (ВИДЕО)16:43Бейнеу станциясына теміржол вокзалы қажет16:33Аманат: Ақын Алмас Ахметбекұлы16:05Үкімет Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай 500-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлауда15:56Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады15:47БҮГІН ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ11:29Президент көмекшісі Еуропадағы дипломатиялық миссияларды қайта құруды түсіндірді18:33Алматыда шетелдікті әуежайдан қалаға 33 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісі ұсталды18:29Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллермен кездесті12:45Президент кубогі: Екінші жарыс күнінің қорытындысы12:26Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды19:05Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, оның құрамы бекітілді18:37Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының үздік брендбук байқауы қайта жарияланды18:21Өскеменде жаңа спорттық-табиғи-экологиялық саябақ бой көтерді18:1622 шілдеде елордалық ЖОО-да білім гранттарын орналастыру бойынша конкурс басталады18:07Аралда полицей кәріз құдығындағы суға батқан сәбиді құтқарды18:00Ғалымжан Мелдешов латын графикасына көшу мерзімін ұзартуға қатысты ақпарат туралы түсініктеме берді17:54ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықаралық конкурстарда жүлделі орын алған дарынды жастармен кездесті17:47Елордада қажетсіз имидждік жобалардан бас тартады17:43Елордада барлық жерлерді тексеру жұмыстары жүргізіледі17:37Алтай Көлгінов қала активімен кездесу өткізді17:32Ректорларды конкурстық негізде іріктеген дұрыс – Білім министрі17:26Синхронды жүзуден Қазақстан командасы топтық сында 15-ші орын алды17:19Арыс қаласында 1360 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды17:14ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды17:12Қостанайда Назарбаев даңғылы пайда болуы мүмкін17:09