Mazir
25 июн 13:09korilim:352 Жаңалықтар

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН "БАС ТАРТҚАНЫМЫЗ" қандай жақсы болған. Немесе, АРЫС АУҒАН

Арыста жарылыс. Бағытсыз ұшқан оқ, босқан xалық, үрккен ел. Жұрт аударыла қашқан. Аудан ауған ауыр күндер. Жарылыс тоқтады деген жақсы xабар естілмейді.
       Алыста отырып, әлемжеліде айғайлау оңай. Ысқырған ажал оғы мен аспанды жапқан жалыннан бөбегін арқалап, Сандалмен жаяу қашқан ананың xалын - сол сәттегі бойын алған, дымын құртқан үрейді сіз бен біз сезінбеспіз.
      Онсыз да қырық күн шілде қарыған түстікте қырық мың кісі үйден безген.
       Жан ұшырған сарбаздың басқаларды бағыттауға жасаған әрекетін, жарылыс аумағындағы жанталасын көрдік. Сарбаздың  ысқырған оқтың ортасында қашқан көлікті бұйыра тоқтатып, "Қатын-баланы салып әкет!" деген ағайын естідік. Оттың ортасында өзі қалып, өзгені қашырғанын көрдік. Көзімізге жас келді.
       Панадан көз жазған әкені, баладан көз жазған ананы көрдік. Еңбекқор түстік жұрты қолымен соққан құжырасын - құт ұясын бобы жарса, жер тырнап еккен егінін өрт шалса қандай күйге түседі.
      Бұрын да неше дүркін жарылыпты. Неге жарылған, кім жарған? Кім жазаданды?
      Дүмшелер отыр: Алла: "Бәрін мен жасаймын, адамдар бірі - бірінен көреді" деген деп, сабырға шақырып. Олар үшін жаратушы жарылыстарды мойнына алатын бүлікші топтардың басшысы секілді.      
       Жоқ! Жарылысты ұйымдастырған жаратушы емес. Оған кісі себеп. Кінәлі жазаланбаса жарылыс Тоқтамайды. Қайталанады.
      Айтпақшы: "Ядролық қарудан бас тартқанымыз қандай жақсы болған!" дедік.
      Мемлекет және аймақ басшылары Түркістанда жүр. Бізде қауыпсіздік кеңесі деген бар. Олар не айтады?
     Он күннен соң НҰР-СҰЛТАННЫҢ ТОЙЫ. Тойлаймыз шашылып тұрып. Қазір 24 сағат Арысты айтқан теле арналар ол кезде 24 сағат Нұр-Нұлтанды айтады. Ел назары Елордаға ауады.
      Біздің пәлсапа да дүмшелерден кем соқпайды: "Қуаныш пен қайғы егіз" деп мақалдап, марапат пен мақтанның әңгімесіне көшеміз.
       Ал, Арыс жұрты ауласына кіре алмай үрейде отырады.
      Бұл күндер қазақстан жылнамасында "АРЫС АУҒАН" деген атпен қалады.
     Байрағыңды тік ұста! 



Басып шығару
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
2019 жылдың І жартыжылдығында Азаматтарға арналған үкімет арқылы 15 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді18:24Асқар Мамин Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары мен Түркістан қаласындағы құрылыс қарқынын тексерді18:18Көкшетауда «Адалдық керуені» акциясы басталды18:11Танымал журналист Ұзақбай Қауыс - 70 жаста18:05Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді17:52Назира Бердалы: Ай құлайды көздері ашық бөлмеме17:41Павлодар. Ақсу қаласы -Таланттылар алаңы17:03Баянауыл ауданындағы тұтану аумағы 70 гектарды қамтыды16:57Жеті атасын білу - тектіліктің белгісі (ВИДЕО)16:50Атырауда жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп жұмысын бастады (ВИДЕО)16:43Бейнеу станциясына теміржол вокзалы қажет16:33Аманат: Ақын Алмас Ахметбекұлы16:05Үкімет Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай 500-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлауда15:56Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады15:47БҮГІН ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ11:29Президент көмекшісі Еуропадағы дипломатиялық миссияларды қайта құруды түсіндірді18:33Алматыда шетелдікті әуежайдан қалаға 33 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісі ұсталды18:29Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллермен кездесті12:45Президент кубогі: Екінші жарыс күнінің қорытындысы12:26Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды19:05Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, оның құрамы бекітілді18:37Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының үздік брендбук байқауы қайта жарияланды18:21Өскеменде жаңа спорттық-табиғи-экологиялық саябақ бой көтерді18:1622 шілдеде елордалық ЖОО-да білім гранттарын орналастыру бойынша конкурс басталады18:07Аралда полицей кәріз құдығындағы суға батқан сәбиді құтқарды18:00Ғалымжан Мелдешов латын графикасына көшу мерзімін ұзартуға қатысты ақпарат туралы түсініктеме берді17:54ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықаралық конкурстарда жүлделі орын алған дарынды жастармен кездесті17:47Елордада қажетсіз имидждік жобалардан бас тартады17:43Елордада барлық жерлерді тексеру жұмыстары жүргізіледі17:37Алтай Көлгінов қала активімен кездесу өткізді17:32Ректорларды конкурстық негізде іріктеген дұрыс – Білім министрі17:26Синхронды жүзуден Қазақстан командасы топтық сында 15-ші орын алды17:19Арыс қаласында 1360 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды17:14ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды17:12Қостанайда Назарбаев даңғылы пайда болуы мүмкін17:09