Mazir
18 июн 18:10korilim:211 Қоғам

САЙЛАУҒА ҚОСАНОВ ТҮСПЕГЕНДЕ НЕ БОЛАР ЕДІ?

Сайлау өтісімен "әлеуметтік желі Қосановқа қаһарлана қаптағанда біз:
"ҚОСАНОВТЫ БУРА ҚУДЫ, БУРА ҚУСА ДА ТУРА ҚУДЫ" дегенбіз.
Жұрт пікірін жұмылдырып жүрген жігіттерге мақаламызда сын да айтқанбыз.
Басқалары үнсіз. Бапин ғана қайыра тіл қатыпты.
Сайлаудың соңы немен бітерін біліп, бұрынырақ жазғанына "жазықты" болғанын, жөнсіз сөз естігенін айтыпты. Соңында біздің мақаланы Facebook парақшасында бөлісіп, ондағы өзіне айтылған сынды қабылдайтынын жазыпты.
Бұны қазақ "Сөзге тоқтау" дейді – еркектің мінезі. Ермұратты мақтайық деп емес, Әлемжелідегі белсенді көкезулер үлгі алсын деп айттық.
Ақпарат әлемінде ондаған жылдар бойы әйдік мүйізі көрініп тұратын Ермұраттың бұл жазбасы да әдеттегідей, жұрт пікірін қопсытыпты. Соның ішінде басқаша бағыттағы бірер пікірді бізде бөлісейік дедік.
Ермұраттың Жұртты "Оян" деп жиырма жыл "Жұлқылаған" "ДАТ" сияқты басылымдардың xалықты оятудағы еңбегін атап, Заманбек пен Алтынбектің қанын еске сала жазған пікіріне жастарға xақын белсенді басқаша уәж айтыпты. Өткір сөздерінің кей тұсымен келіспесек те, талқыға тастадық.
 
 
Мария Түлеу-Бегім:
ӨЛМЕЙ ҚҰРБАН БОЛУ (тақырыпты біз қойдық)
Ереке, Алтынбек, Заманбектерді жастар білмейді. Сондықтан ол кісілердің қазасы Қазақты оятты деу қате.
Мен бұл жандарды өте сыйлаймын. Бірақ сіздердің пайымдарыңыз – солай болғанын қалағандарыңыз.
Қазір өмірдің зымыран заманы, осыдан бір жыл (бұрын) болған оқиғаның өзі ештемеге ықпалы болмауы мүмкін.
20 жыл оятудамыз (дегеніңіз) шындыққа жараспайды.
Кеше ғана жас байқаушыларымның арасында талқылау жасадық.
Ол жерде сайлау науқаны өту барысында болған Қазақты шапалақтап, кем дегенде, үш рет ояту болғанын дәлелдедім. Оның бәрін ашпаймын.
Мынадай түсіндіру: егер балаңызды "тұра ғой" деп оятсаң онан соң оянбауы да мүмкін, не сіз айтқандай тағы 20 минут жатуы мүмкін. Тірлігіне кешігеді. Ал, бұйрықпен, не үстіне су құйып жіберсең атып тұрады.
Бұл үстеріне су құйып жіберген болды.
Маған Әміржанның жеңгенінен жеңілгені және тездетіп, Тоқаевты құттықтағаны дұрыс болды.
Қазір жастар – ызалы бөлтірік.
Осы дәлелімнен кейін енді "кеттік, тындым" деген жастар әрі қарай орталарын ұстап, күресуге бекінді.
Сіздер мен біздердің ояулығымыздан келіп-кетері шамалы. Ояу байкотшиктерден кімдер шыққан болды – жастар. Кәрі-құртаңдар қайда? Жастарды пайдаланды, тығылып қалды.
Алдымыздағы сөзі көп, ісі жоқ шал-кемпірлер отырып алып, өз буыным мәдениеттілік сақтап тырбаңдап келесі буынның нәсібін ұрладық. Өзімізше болып, кеткен жәйлерді жырлап кемеңгерсідік, өспедік.
Кету керек!
Біз мәңгілік емеспіз, жастардың тізгінін өздеріне беріп, біз ертоқымын салып, аттарын баптап отыратын рөл ойнауымыз керек.
Сіз неге байқамайсыз? Неге ресми де, бейресми ортада тәуелсіздікке күрескен, не одан кейінгі жылдардағы жандардың ықпалынан Алаш арыстары қызықты?
Ойлану керек, айнаға қарап бейнелерімізді пайымдайық.
Онда тап-таза кеңестік заманға ренжіген және билікке қол жетпей қалған жеке бастық ызалардың шеті көрініп тұрады.
Әміржан жарады! Өзін Қазақты оятуға жестко құрбандық етті.
Басқаларыныкі ауызбен орақ ору.
Тарихта Әміржан мен Дос аға Қазаққа нағыз өздерін сарп еткен Алаш арыстарының жалғасы болып енеді.
Мәселе: ХАЛҚЫҢ ҮШІН ӨЛІП КЕТУ ЕМЕС, ӨЛМЕЙ ҚҰРБАН БОЛУ!
(Facebook парақшасынан)

Басып шығару
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Кемел күннің – шуағы мол, күнгейі зор болады...13:38БІР ЖАНҒА ЕКІ КҮЙМЕК ӘДІЛЕТ ПЕ?!. Ғарифолла ӘНЕС09:50Латын әліпбиі – бізді әлемдік кеңістікке шығарады21:06Е.АМАНШАЕВ. ҚОРҚЫТ АТА ТУРАЛЫ АҢЫЗ04:34AMANATQA ADALDYQ O’SIET - O’MIRDEN O’TKEN KISININ’ AMANATY. ONY ORYNDAY’ ADAMGERSHILIKTING ORASAN BIIK YLGISI22:11Ғылым мен өндірістің байланысы неге төмен?20:28Оралхан Бөкей және Бақы Урманче20:23Оян!Ойлан! Құлагерге оқ тиді....02:19Жаңа кітаптар20:14Поэзия падишасына арналған шаралар10:43QITAI DEGEN KIM?18:40Парламент Мәжілісінің ант қабылдау рәсімін Нұрлан Әлімжанов үшін арнайы өткізуге мәжбүр болғаны ма?21:48Қазақстан Президенті ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті11:36ELIMIZDIN’ BASSHYSY EKI KUNDIK SAPARMEN QYTAIG’A BARDY10:22Сәулесі бар жігіттер бір ойланар...06:46QYTAI DEGEN KIM?14:58QYTAI DEGEN KIM15:28ELIMIZDIN’ BASSHYSYN QYTAILYQTAR EKI KOZDERI TÖRT BOLYP KUTIP OTYR16:21АҚША ЖӘНЕ АҚЫН-ЖАЗУШЫ18:28Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінң филология және әлем тілдері факультеті23:42АЗИЯ ЕЛДЕРІ ФОРУМЫ ЕКІНШІ ПАНЕЛДІК ТАЛҚЫМЕН ЖАЛҒАСУДА15:01ТҰТАС АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛЫРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ФОРУМЫН ӨТКІЗУГЕ ЖИНАЛҒАН ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАЗАҚ АСТАНАСЫНДА10:55Азия елдері қаламгерлерінің І форумынан күтетін мәселе көп14:02Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы22:00JOLDAY'DY QOLDAY’17:02ҚАСЫМ-ЖОМАРТ қайрылмады. БАТАЛОВТА амал жоқ. АЛАКӨЛДІҢ айдынында Былтырғыдай адам жоқ.14:24QYTAI DEGEN KIM?20:41Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады19:43А. Көлгінов "Пригородный" елді-мекенінің әлеуметтік нысандарының құрылысы барысымен танысты19:40Павлодар облысы Қазақстандағы көмірдің 60 пайызын өндіреді21:51Атырауда кішкентай қыздарды зорлады деген күдікпен үш адам ұсталды21:48БҚО-да 100-ден астам мал өрттен қырылып қалды21:42«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалында партияны қайта жаңғырту туралы мәселелер пысықталды21:38«Атырау» жаңа ойыншылармен толықты16:29Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның шахтерларын кәсіби мерекемен құттықтады12:35