BAIRAQ.KZ- Будапештте дзюдодан Гран-при турнирінің соңғы жарыс күні өтуде деп хабарлайды Bairaq.kz тілшісі
Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Ерлер арасындағы сында 90, 100 және +100 келі салмақтағы жеңімпаздар есімі белгілі болады. Қазақстан командасы сапында татамиге шыққан Айбек Серікбаев (100 келі) бірінші белдесуде кубалық Лестер Кардонадан ұтылды. Ал аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев алғашқы айналымда Венгрия спортшысына есе жіберді. 90 келідегі Ислам Бозбаев екінші кезеңге өтті. Еске сала кетейік, Будапешттегі турнирден Қазақстан балуандары екі медаль жеңіп алды. 60 келідегі Елдос Сметов жарыс жеңімпазы атанса, 66 келідегі Елдос Жұмаханов күміс медальға қол жеткізді.