НҰР-СҰЛТАН. BAIRAQ -EXPO конгресс-орталығында пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті деп хабарлайды bairaq.kz елорда әкімдігінің
баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған 76 мемлекеттен 460 спортшы қатысты. Шара қатысушыларына елорда әкімі Алтай Көлгінов құттықтады. Чемпионаттың ашылуында әкім 2020 жылы астаналық спортпен шұғылданушы тұрғындардың көрсеткішін тағы 30%-ға арттыруымыз қажет деп атады. Оның айтуынша, қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үлкен көңіл бөлінеді. «Жыл басынан бері қалалық паралимпиадалық жаттығу орталығында елордалық мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен тегін айналысуына жағдай жасалды», - деді Алтай Көлгінов. Айтулы спорттық шара 12-20 шілде аралығында өтеді. Қазақстандықтар сайыстың барлық түріне қатысады. Жеңімпаздар 2020 жылы Токиода өтетін Параолимпиадаға жолдама алады. 10 күнге жуық созылатын пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты осымен алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.