Орегонда (АҚШ) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілермен жүгіру жарысының финалы өтті. Қазақстан өкілі Нора Джеруто жарыстың негізгі фавориттерінің бірі болды. Ол белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт ішінде жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды.
Бұл жеңіс Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы бірінші «алтыны» болды. Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) жеңіп алды. Бұған дейін іріктеу жарысында да Джеруто 9:01.54 уақытымен үздік нәтиже көрсеткен болатын. Еске сала кетейік, Кенияның тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ресми рұқсат алған еді.