UFC турнирі 19 қаңтарда өтеді, онда ирландиялық жұлдыз Конор МакГрегор мен америкалық Дональд Серроне кездеседі.
Шоу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтпек. Тікелей көрсетілімді QazSport арнасынан тамашалай аласыздар. Трансляция 19 қаңтар, жексенбі күні сағат 09: 00-де басталады деп жоспарланған. Шайқас қарсаңында Конор МакГрегор мен Дональд Серрон ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Екі спортшының салмағы бірдей болды - 170 фунт (77,1 келі), жеңіл салмақ санаты.
31 жастағы Макгрегор үшін алдағы жекпе-жек 2018 жылдың қазан айындағы төртінші раундта UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовқа жол бергеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Өз кезегінде, 36 жастағы Серрон екі мәрте жеңіліске ұшырап, өткен жылдың қыркүйек айындағы соңғы кеште американдық Джастин Гатгиді нокаутпен жеңген болатын.