Сербияда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Саматәлі Төлтаев колумбиялық Дуван Зулетамен кездесті.
Жекпе-жек Белградта өтті. 21 жастағы Төлтаев қарсыласын (4:1) жеңді. Төлтаев Қазақстан чемпионы және жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Бұған дейін екі қазақстандық әлем чемпионатының ширек финалына шыққан – Махмұд Сабырхан (54) пен Теміртас Жүсіпов (48). Нұрлан Сапарбай (92 жастан жоғары) мен Бек Нұрмағанбет (86) медальдар үшін күрестен шығып қалды.