Бүгін Алматы қаласындағы Орталық стадионында «Қайрат» пен «Астана» кездесуде. Ойынның 9-минутында Небойша Косович елордалық клубтың қақпасына гол соғып, алматылықтарды есепте алға шығарды.
Тайм соңында «Астана» футбол клубының шабуылшысы Тигран Барсегянға қарсы «Қайрат» ойыншысы Камо Оганесянның ойыны Тихоновтың ашуын келтірді.
Чесноков «Астана» пайдасына айып добын белгілемегені үшін Тихонов өз командасын алаңнан алып кетті. Арада көп уақыт өтпей елордалық клуб ойыншылары алаңға қайта оралды.