Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб әлем чемпионатынан соң ресейлік «Динамо-Самара» клубына ауысты.
«Литвада өткен Әлем чемпионатынан кейін «Ақтөбе» командасының 26 жастағы ойыншысы біздің қатарымызға қосылды», - деп жазылған «Динамо» клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Арнольд Кнауб әлем біріншілігі қарсаңында бірнеше маңызды голдар соғып, Қазақстан құрамасының жартылай финалға дейін шығуына үлес қосты. Ол Таиланд пен Иран қақпасына аса маңызды голдар соққанымен, соңғы матчта Бразилия қақпасына пенальти соға алмаған еді.