«Реал Мадрид» президенті Флорентино Перес «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе бойынша ұсыныс жасады. Журналист Николо Скира Twitter-де Килиан Мбаппеге түскен ұсыныс бойынша жазба жариялады.
«Корольдік клуб» 22 жастағы французды еркін агент ретінде қатарларына қосқысы келеді. Перес Мбаппеге жалақысы шамамен 40 миллион еуро болатын алты жылдық келісімшарт ұсынды. Соған қарамастан, ПСЖ ойыншыны Мадридке жібергісі келмейді және оған басқа ұсыныс жасауға дайын.
Мбаппенің париждіктермен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Transfermarkt нұсқасы бойынша, Мбаппе – әлемдегі ең қымбат футболшы. Форвардтың трансферлік құны 160 миллион еуроға бағаланып отыр.