Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының және «Тобыл» клубының ойыншысы Руслан Валлиулинге қатысты УЕФА тарапынан құқықбұзушылық туралы іс қозғалған. Қостанайлық клуб басшылығы осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.
«Барлық ақпарат клуб мүшелеріне жеткізілді, қазіргі уақытта ішкі тексерістер жүргізіліп жатыр. Футболшының қанына тыйым салынған заттардың қалай енгенін анықтау мақсатында жұмыс істеудеміз. Допингке қарсы сараптама Конференция Лигасының аясында өткен «Жилина» - «Тобыл» кездесуінен кейін Сергей Малый мен Руслан Валлиулиннен алынған. Сараптама қорытындысы футболшының жеке поштасына жіберілген. Бұл уақытта Валлиулин Ұлттық құрама сапында Финляндияға кетіп бара жатқан», - деді «Тобыл» клубының медиа-офицері Қасқырбай Қойшыманов.
«Тобыл» футбол клубының өкілдері қазіргі уақытта Қазақстан Футбол Федерациясының құқықтық мәселелер жөніндегі өкілдерімен бірге тыңғылықты жұмыс істеп жатыр.