Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында 1 сәуірге қараған түні Украинамен ойын өткізеді. Ойын Киевте, Нұр-Сұлтан уақытымен 00: 45-те басталады. Ойынды Qazsport тікелей эфирде көрсетеді.
Өткен ойында Қазақстан құрамасы Франциядан жеіліп қалған еді. (0:2)) Ал Украина құрамасы Франциямен тең ойнады (1:1). Қазақстан құрамасындағы негізгі ойыншылар – Бахтиер Зайнутдинов пен Дмитрий Шомко жарақатына байланысты Украинамен болатын ойынға шыға алмайды.
Баспасөз мәслихатында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов құрамда өзгерістер болатынын айтты. Украина құрамасының бас бапкері Андрий Шевченко Қазақстан құрамасының ұйымшыл екенін айтты.
«Бұл әрдайым соңына дейін күресетін ұйымшыл құрама. Олар екінші нөмірде ойнайды. Ертең бізді қиын ойын күтіп тұр, бірақ біздің міндетіміз жеңіске жету. Қарсылас бізден ұпай алуға тырысады», - деді ол.
Фото: ҚФФ