Vesti.kz хабарлауынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні және кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды. Ол мексикалық Хайме Мунгиямен кездесіп, орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін қорғайды..
RingPolska басылымының мәліметінше, Головкин мексикалық боксшыға қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесу 7 мамырда АҚШ-тың Техас штатында өтеді. Қос тарап бірнеше апта бойы келіссөз жүргізіп жатыр.
Мунгия - бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы. Головкиннің дивизионында екі жекпе-жек өткізген. Ол алдымен ирландиялық Гэри О'Салливанды, кейін багамалық Туреано Джонсонды жеңген.
Головкинге қарсылас болуы мүмкін тағы бір боксшы - WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде. Бірақ, ол міндетті үміткер ұлыбританиялық Лиам Уильямспен жекпе-жек өткізуі тиіс.