Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам кәсіпқой бокста кезекті жеңісіне жетті. Қазақстандық боксшы эквадорлық Джейсон Минданы нокаутқа түсірді.
Қанат Ислам Майамидегі (Флорида штаты, АҚШ) бокс кешінде рингке шықты. Қарсыласы кездесу қарсаңында өзгерді. Бастапқыда 35 жастағы Исламның қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи болуы керек еді.
Кездесу 10 раундқа жоспарланған, бірақ жетінші раундта аяқталды. Бастапқыда қазақстандық өз қарсыласын төртінші раундта нокдаунға түсірсе, кейін жетінші раундта рефери тағы да бір нокдаун санады. Бірақ артынша Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді.