Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы онлайн әлем кубогі аяқталды.
Жарыстың соңғы күнінде Гүлнұр Ыбырай Қазақстан қоржынына қола медаль салды. 64 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған ол екі сайыс нәтижесі бойынша 196 келіні бағындырды.
Еске салайық, осыған дейін аталған жарыста Абылай Әуелханов та жеңімпаз атанған болатын.