Ұлттық құраманың бірқатар жетекші ойыншылары алдағы ойындарға қатыса алмайды.
Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ұлттық құрамаға көмектесе алмайды. Азия Чемпиондар лигасы аясында допинг-тестілеуден өткеннен кейін оның денесінен тыйым салынған препарат табылды. Ойыншы ресми ойындардан уақытша шеттетілді.