Чемпиондар лигасының финалдық ойынында «Бавария» «Пари Сен-Жерменді» 1: 0 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Кездесу Лиссабондағы "Да-Луш" стадионында өтті.
Жалғыз гол екінші таймда соғылды. Атап айтсақ, 59-минутта Йозуа Киммих берген пастан кейін Кингсли Коман гол соқты.
«Бавария» өз тарихында алтыншы рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алып, «Ливерпульді» қуып жетті.
Неміс және ағылшын клубтары турнир тарихында 3-ші орынды бөліседі. Екінші орында Милан командасы 7 мәрте жеңіске жеткен. Бірінші орында Реал Мадрид. "Корольдық клуб" өз тарихында Чемпиондар лигасының 13 мәрте жеңімпазы атанған.