ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты демалыс алды. Бұл ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растап отыр. «Иә, ол бала күтіміне байланысты 12 тамыздан 23 желтоқсанға дейін ресми демалыс алды. Комитет төрағасы қызметін орынбасары Серік Жарасбаев атқарады», - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Серік Сәпиев комитет төрағасы қызметіне 2019 жылдың қаңтар айынан бастап кіріскен.