Лион Лиссабонда өтетін Чемпиондар лигасының жартылай финалының төртінші қатысушысы болды. «Манчестер Ситиге» қарсы ойында Максвелл Корнет пен Мусса Дембеле гол соғып командасын жеңіске жетеледі. Мусса Дембеле дубль авторы атанды.
Дембеле өзін "джокер" секілді көрсетті. Француз ойыншысы 75-минутта Мемфис Депайды алмастырды. 79 және 87-минуттарда Эдерсон қақпасына гол соқты.
Лион 2010 жылдан бері алғаш рет беделді еуропалық жарыстың жартылай финалына шықты.