BAIRAQ.KZ -
Алматыда нысана көздеуден Қазақстан Кубогінің екінші кезеңі аяқталып, жаңа жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі анықталған болатын. Бір аптаға созылған турнирді команда бас бапкері Ольга Довгун қорытындылап өтті деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі. «Кубоктік додада спортшылар көңілге қонымды нәтиже көрсетті. Турнирге қатысқан жасөспірім мергендер спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындағаны қуантады. Командадағы кейбір үздік спортшылар Универсиадаға байланысты жарысқа қатысқан жоқ. Ел кубогінде жастардың нәтижесі жақсарғаны қуантады. Көп ұзамай олар ересектермен тең дәрежеде сынға түседі деген үміттемін. Атап айтар болсам, Арина Алтухова, Матвей Тимофеев, Юлия Абрамова, Елизавета Безрукова, Ирина Локтионова сынды жастардың бағыты жаман емес. Ал құрама командаға келер болсам, спортшылар ертең Брест қаласындағы жаттығу жиынына аттанады. Бұл Бразилияда өтетін әлем кубогі кезеңіне дайындық саналады», - дейді бас бапкер.
Арайлым Мельдешова