Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған Игорь Сон 8 жылға спорттан шеттетілді.
Қазақстанның ұлттық антидопинг орталығының 2022 жылы жарыстан шеттетілген спортшылар тізімінде Игорь Сон да бар.
Орталық мәліметіне қарағанда, Игорьдан жарыстан тыс кезде, яғни 2022 жылдың 2 наурызында сынама алынған.
Сынаманы талдау барысында спортшының ағзасынан метастерон табылып отыр.
Осыған байланыс антидопинг ережесін бұзған ауыр атлет 2022 жылдың 28 наурызынан бастап 2030 жылдың 28 наурызына дейін жарыстарға қатыса алмайды.
Естперіңізге сала кетсек, Жапония астанасы Токио қаласында өткен Олимпиада ойындарында Игорь Сон қола жүлдегер атанған болатын.
Ол қоссайыстың нәтижесінде 294 (131+163) келіні бағындырған еді.