Семсерлесуден әлем чемпионаты: Ульяна Балаганская іріктеу кезеңінен өтті
bairaq.kz- Бүгін Будапештте семсерлесуден әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде шпагашы қыздар іріктеу сынына қатысты деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстан командасы сапынан Ульяна Балаганская 1/64 айналымына өтті. Ол үздік 64 спортшы қатарына ену үшін алты кездесу өткізіп, бесеуінде жеңіске жетті. Балаганская жарысты 18 шілде күні жалғастырады. Ал Әсел Әлібекова, Шанталь Жансүгірова және Владислава Андреевалар іріктеу сынынан өте алған жоқ. Әлем чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан командасының тізімі: -Шпагадан ерлер командасы: Дмитрий Алексанин, Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов;
-Шпагадан әйелдер командасы: Ульяна Балаганская, Әсел Әлібекова, Владислава Андреева, Шанталь Жансүгірова;
-Саблядан ерлер командасы: Илья Мокрецов, Нұржан Кәрім, Бақдәулет Құралбекұлы:
-Саблядан қыздар командас: Тамара Почекутова, Татьяна Приходько, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина.
Арайлым Мельдешова