Бундеслигадағы «Лейпциг» және «Байер» командалары арасындағы ойында жағымсыз оқиға орын алды. Қауіпсіздік тобы жапондық 20 жанкүйерді коронавирусқа күдікті ретінде стадионнан шығарып жіберген.
Оқиғаның қалай болғандығы туралы әлеуметтік желілерде белгілі болды. Жапониядан келген футбол жанкүйерлерінен ойын басталып, 15 минут өткен соң стадионнан шығуларын сұрады. Бір қызығы, олардан коронавирустың ешбір белгісі байқалмаған, күзет қызметін күдіктендірген жалғыз нәрсе болды - олар ... азиялықтар.
«Лейпциг» командасы болған оқиға үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Неміс тілінде жазылған ресми мәлімдемеде клуб «болған жағдайды түзеткісі келетінін» айтты. Лейпциг пен Байер арасындағы матч тең аяқталды.
Басып шығару